ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
310
мемлекеттік зейнетақының орнына бағалы қағаздарға
инвестицияланған дербес жинақтар енгізіле бастады. Жұмыс
істейтін азаматтардың өз еріктерімен жаңа жүйеге өтуіне
мүмкіндік берілді, ал бірінші рет жұмысқа кірген адамға бұл
автоматты түрде қолданылатын болды.
Осы реформаны іске асыру әлеуметтік проблемалардан
басқа Қазақстанның экономикасын дамытуға қосымша ын-
таландыру туғызатын еді. Зейнетақы жинақтары қор нарығы
арқылы ішкі экономиканы дамытудың инвестициялық көз-
деріне айналуы мүмкін екендігін (Чилидегі сияқты) айтсақ
та жеткілікті.
Сондықтан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып
жоспарлы түрде зейнетақымен қамтамасыз етудің жинақ
жүйесіне өтуді бастады. Үкімет белгілі бір кезеңде сақталып
қалған ұрпақтардың ынтымақтастығы принципінен біртіндеп
стратегиялық бағыттағы дербес зейнетақы жинағына өтуді
көздейтін зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын
қабылдады. Іс жүзінде бұл нарық талаптарына жауап беретін,
жаңа зейнетақы жүйесін қалыптастырудағы сапалы қадам
болды.
Зейнетақы реформасын іске асырудың негізгі мақсаты,
зейнетақыжарнамаларыныңдербестендірілген есебі арқылы,
еңбек үлесінің зейнетақыға сәйкес сай келетін қаржылық
жағынан тұрақты және әділетті жүйесін қалыптастыру болды.
1998жылы,араласзейнетақыжүйесіненгізудіқарастырған
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы» Заң қабылданды. Онда мемлекеттік зейнетақымен
(ынтымақтастық зейнетақы жүйесі) қамтамасыз етуді енді
құрылатын және қазіргі кезде дамып отырған жинақтаушы
зейнетақы жүйесімен қатар сақтау қарастырылды.
Ынтымақтастық жүйеде зейнетақыны, әлеуметтік салық-
тыңжәне республика бюджетінің басқадай түсімдерінің есебі-
нен төлеуге негізделген болатын. Жинақтаушы зейнетақы