Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
309
зиянын толық өтеп отырса, бұл шығындардың көлемі
әлдеқайда үлкен болуы мүмкін екендігін атап айтқан жөн.
ҚазақстанРеспубликасында1998жылғадейінқолданыста
болған ынтымақтастық зейнетақыжүйесін сол күйінде сақтап
қалу, экономикадағы және соған сәйкес республиканың
әлеуметтік саласындағы дағдарыстық құбылыстардың шие-
ленісуіне әкелуі мүмкін еді. Мен Үкіметке басқа елдердің
тәжірибелерін зерттеп, ұсыныстар енгізуді тапсырдым. Ми-
нистрлер кабинеті мен Ұлттық банк Чилидің тәжірибесін
пайдалана отырып, зейнетақы реформасын бастау орынды
деген ұсыныс енгізді.
Бұл жоба қоғамда қызу талқыланды, қарсылар аз болған
жоқ. Күмән көпболды, бірақ сол кезеңдебіздебұданшығудың
басқадай жолы болмады. Сол уақыттағы елдің экономикасы
қалыптасқан жағдаймен күресте жеңіп шыға алмайтын еді.
Неліктен біз нақ осы Чили тәжірибесін таңдап алдық?
Өткен ғасырдың ортасында дүние жүзі елдерінің көпшілігі
тұрғындардың қартаюы проблемасымен бетпе-бет келген,
яғни өмір жасының ұзақтығы өскен, ал бала тууы төмендеген.
Ынтымақтық зейнетақы жүйесі жағдайында өмір жасының
ұзақтығы жұмыс істейтін адамдардың мойнына үлкен
ауыртпалық болып түсті. Халықтың экономикалық жағынан
белсенді бөлігіне түсетін салықтың салмағы, олардың саны
зейнеткерлерден аз болғанжағдайда ауырлай түсетіні айқын.
Олай болмағанда, қаржының тапшылығы пайда болады
да, оны жабудың әртүрлі әрекеттері, мәселен, зейнетақы
мөлшерін кеміту қоғамда үлкен әлеуметтік шиеленіс туғызуы
мүмкін.
Зейнетақы жүйесін жекешелендіру арқылы қиындықтан
шығудың жолын 1989 жылы Чилидің еңбек министрі Хосе
Пиньер ойлап тапқан. Ол ұсынған жүйеде әрбір қызметкерге
өзінің болашағы жөнінде өз бетімен қам жеуге құқық
пен міндеткерлік берілді. Салық түсімдерінен төленетін