ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
308
сияқты, дүние жүзінің басқа да елдеріндегі тұрғындардыңжас
мөлшері кәрілікке қарай ойысуына байланысты еді. Мысалы,
Германия мен Франциядағы әлсіз экономикалық конъюнк-
тура және демографиялық ахуал осы елдердің үкіметтерін,
зейнеткерлік жас пен зейнеткерлік жарнаға аударылатын
қаржының мөлшерін өсіру жөнінде шаралар қолдануға
итермелейді.
Қазақстанда да осындай ахуал байқалды. Мысалы,
егерде 1980 жылы 100 қызметкерге 30 зейнеткерден келсе,
1997жылы зейнеткерлер саны73-ке дейін көбейген, ал 1998
жылдары жұмыс істейтін бір адамға 83 зейнеткерге дейін
келген. 1980 жылдан бастап жалпы халықтың құрамындағы
зейнеткерлердіңүлесі 11,9%ға, 1997жылы–17,1%-ғаөскен.
Оған қоса 90-шы жылдардағы кең етек алған миграциялық
үрдістер бұған өз үлесін қосты. Негізінен жақсы өмір, жайлы
қоныс іздеген жас адамдар ол кезде Қазақстанды тастап кетіп
жатты. Ал зейнеткерлердің олай көшіп кетуге мүмкіндіктері
жоқ: айталық, біреулерінің баратын жерлері болмаса, екінші
біреулерінің қаражаттары болмады.
Осылардың барлығына қосымша, зейнеткерлік жүйе
тәуелділігінің жоғары болуы, дәлірек айтқанда, зейнетақы
алушылардың сол жарналарды төлеушілермен арақатынасы
бұрынғы КСРО-дағы ескі зейнетақы заңнамасының нәтижесі
болатын. Ол кезде зейнеткерлікке шығудың жасы еркекке
60жас, әйелге55жас болатын. Соныменқатар, зейнеткерлікке
бұл көрсеткіш-терден де ертерек, жастау кездерінде шығуға
жиі рұқсат берілетін.
Сонымен, зейнетақытағайындаудыңқолайсыз құрылымы
зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты мемлекет
шығындарының өсуіне себепші болды. Мысалы, ол шығын
1996 жылы жалпы ішкі өнімнің 7,9%-ына тең болды, ал
бұл көрсеткіш 1989 жылы 5,6%-ды құраған. Егер мемлекет
инфляцияға байланысты зейнетақы төлемдерінің шеккен