Page 30 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
29
атты шағын еңбегімде жинақтап айттым. Ол кезде жалпы
жұрттың санасында түсінбеушілік қатты орын алған еді. Бірақ
белгісіздік тұманы арасынан келешектің негізгі үш түрі қылаң
берген. Олар: әлі де өте күшті социалистік идея, дәстүршілдік
және либералдық идея еді. Бізге түрлі нұс­қалардың арасынан
таңдау қажет болды. Алайда жағдайды сараптап келген-
де, қоғам дамуының көптеген елдер сынап көрген дайын
нұсқаларының барлығы бірдей бізге сай келмейтініне менің
көзім жетті.
Социалистік идеяжөніндегі ахуал біршама түсінікті болды.
Экономикадағы, саясаттағы, халықаралық қатынастардағы
жаппай дағдарыс, айтса айтқандай, көз алдымызда тұрды.
Социалистік экономиканың статистикалық «кереметін» өз
тәжі­рибемде сынап көрген адам ретінде маған артқа жол
жоқ, тек алға жүру керектігі түсінікті еді.
Дәстүршілдік жөніндегі жағдай күрделірек болды. Ұлтты
сақтау үшін мәдениет саласында дәстүршілдік өте маңызды
екеніне қарамастан, ол саясаттанжол тауыпшығуға болмады.
Сонда қоғамдық құрылымның архаистік түрі – ру-тайпалық
психологияны тірілтуге негізделген саяси идеологияның
дәстүрлі үлгісі бізге мүлде қабыспайтынын менің сан мәрте
ескертуіме тура келді. Түрлі трайбалистік көзқарастар мен
пікірталастардың қауіптілігі маған сол кезде-ақ түсінікті еді.
Сондықтанонбесжылбойғыменің ісжүзіндегі саясиқызметім
кез келген трайбалистік пиғылдың жолын кесуге бағытталып
отырды.
Солай дей тұрғанмен, саяси идеология ретіндегі дәстүр-
шілдік ру-тайпалық қайшылықтардың күрт күшеюіне амалсыз
әкеле жатты. Әлі есімде, 1993 жылы жас саясатшылардың
бір тобы маған қазақ қоғамындағы трайбализм тетіктеріне
және оның мемлекет болашағына тигізетін ықпалы жөнінде
баяндама алып келді. Баяндама аса байыпты түрде әзірленіп,
онда ықтимал перспективалар егжей-тегжейлі түсіндірілген