Page 308 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
307
дардың зейнетақы жинақтарының пайдалылығын және
кепілді қауіпсіздігін ұтымды үйлестіргенімізде ғана іске аспақ.
Мен тікелей осымәселеге ерекше көңіл аударамын, себебі бір
кездерде барлығын жоғалтып алған адамдардың реніштері
мен парыздылығы әлі ұмытылған жоқ. Сонымен бірге мен
оларға аса ризашылығымды да білдіремін, себебі – осының
барлығына қарамай, олар бізге сенді және 1997–1998
жылдардағы зейнетақы реформасын қолдады.
З
ейнетақы
реформасы
, 1997–1998
жылдар
Зейнетақымен қамтамасыз ету үнемі Үкіметтің көз ал-
дында болатын әлеуметтік мәселелердің қатарына жатады.
Мұның дүние жүзіндегі кез келген мемлекетке қатысы бар.
Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да сырт қалмайды, азамат-
тардың қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз етілулерінің
құқықтары оның Конституциясында бекітілген. Қазір зейнет-
ақының жинақтау жүйесі қазақстандық қаржы жүйесінің
мақтанышына айналып отырғанын атап айтуға хақылымыз.
Қазақстан зейнетақы жинақтау жүйесіне өтуді бұрынғы
ынтымақтық жүйе зейнеткерлер алдындағы өз міндеттерін
түгелдей атқара алмаған жағдайда іске асырды.
90-шыжылдардың ортасында зейнетақымен қамтамасыз
етудің мәселелері аса зәрулік мәнге ие болды. Бұл жалпы ішкі
өнімнің құлауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, инфляцияның
жоғарғы қарқынымен, ұлттық табыстың төмендеуімен,
бюджет тапшылығының өткір сезілуімен байланысты еді.
Нәтижесінде – зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекеттік
қаржыландыру үлесінің төмендеуі, зейнетақыны төлеу бо-
йынша қарыздардың өсуі және т.б. жәйттер көрініс берді.
Қажетті зейнетақылық шығындарды жеткіліксіз қаржы-
ландырумен байланысты проблемаларға демографиялық
үрдістер келіп қабаттасты. Бұл, дәл біздің республикадағы