ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
306
ғана әрекет еткен болса, менің ойымша, енді біз бүгін ин-
вестиция салудың «сапасына», яғни бұл ақшаның қайда
кететініне, қандайлық шынайы тиімділік әкелетініне, қандай
мерзімге салынатындығына және т.б. көңіл аударуға тиіспіз.
Инвестициялаудың «сапасы» туралы айтқанда, ең алдымен
«шұбалаң» – ұзақ мерзімге салынған инвестицияны (15жыл-
дан, одан да көп уақытқа) ауызға алсақ та жеткілікті. Мұндай
«шұбалаң ақшалар» ірі инвестициялық жобаларды іске асы-
ру үшін қашан да қажет-ақ. Олардың қайтымдылық және
қайтарылу мерзімі капиталды инвестициялау нарығындағы
орташа көрсеткіштен асып түседі. Турасын айтсақ, бұлар сол
– ғылыми талдамалар жасау және оны енгізу, жаңа техно-
логиялар мен өндірістік желілерді – біздің экономикамызға
қажеттілердің барлығын енгізу жобалары.
Көп адамдар, бізде мынадай ақшалар – зейнетақыжинақ
қорының активтері бар деп ауыз толтырып айтады; сондағы
мегзейтіндері – бұлар қалай болғанда да қолдануға заңмен
шектелген ақшалар. Біз, сол активтерді экономикамызға
тартқанжағдайда қандай зор тиімділік беретінін білеміз. Бірақ
оған асықпау керек. Біз үшін, бұлар – ең алдымен, жұрттың
ақшасы. Сондықтан бұл салымдарды қорғау мәселелерін
және болашақ жобалардың шама-шарқын жан-жақты
анықтап алу қажет.
Біздегі зейнетақы жүйесі таяуда ғана құрылған. Оның
ең үлкен жетістігі, менің ойымша, активтердің көлемі және
т.б. емес, адамдардың сенімі. Атап айтқанда, осының өзі –
зейнетақы жинақ қорының ең бағалы «активі». Оның пай-
дасына, тағы басқаларына қарағанда, өзін-өзі айқындап
тұрған нағыз көрсеткіші осы. Зейнетақы ақшаларын ойлан-
бай инвестицияға жұмсаудың салдарынан халықтың сенімі
жоғалса, ең қиыны сол болар еді.
Зейнетақы қорларының қаржыларын инвестиция қаржы-
сы ретінде пайдалану – сөзсіз болатын нәрсе, бірақ ол адам-