Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
305
тиімділік деңгейі 1999 жылдың аяғында тіркелген мәнге
сәйкес келді. Мен, өзгермелі еркін айырбас курсы режимінің
енгізілуі өзін-өзі ақтады және өмірлік қажетті болды деп
есептеймін. Осы пікірге шетел сарапшылары да қосылады.
1998 жылы ресейлік қаржы дағдарысы басталған
уақытқа таман Қазақстанның дайындығы көбірек болды:
теңге бір жылдың ішінде бар-жоғы өз құнының жарты-
сын ғана жоғалтты. Ұлттық банк өзінің орнықты жүргізген
саясаты арқасында Парламенттің, кәсіпкерлердің және
үкіметтің көз алдында беделге ие болды.
«EuroMoney» жорналы (Ұлыбритания),
«Қазақстан кереметі», 1 сәуір 2004 жыл
Қарастырылған шаралардың нәтижесінде, біз дүние-
жүзілік қаржы дағдарысының жағымсыз әсерін ең төмен
мөлшерге дейін түсірдік те, макроэкономикалық тұрақтануды
ұстап тұра алдық, ол жұмысымыз шетелдік банк кредитор-
лары мен ірі инвесторларының сенімдерін ақтай отырып,
халықаралық қаржы институттарының жоғары бағасына ие
болды.
Бірақ Қазақстан экономикасының кемшіндігі әлі де болса
елеулі проблема болып қала берді. Ақшаның құнсыздануынан
кейін, біз мәселенің екінші жағымен – бүгіндері көкейтесті
болған ревальвациямен бетпе-бет кездескенімізді айтсақ та
жеткілікті. Теңгенің нығайып келе жатқаны байқалғанымен,
экономиканың доллардан арылуы байқалмады, бұлай болуы
мұнайды сату арқылы ағылып келіпжатқаншетел валютасына
байланысты болды.
Сонымен қатар, банктердің көлемді сыртқы қарыздары
мен экономикаға шеттен тартылған инвестициялар да
өздерінің әсерін тигізіп отыр. Былай алғанда бұл жаман
да емес. Бірақ мемлекет бұрын инвестицияны тартуға