ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
304
енгізілгеннен кейін 9 ай бойы алмаған банк салымшыларына,
оларды құнсыздануға дейінгі қолданымдағы бағам бойынша
АҚШдолларына толық көлемінде конверсиялауға мүмкіндік
берілді. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы
активтерін қорғау мақсатында Қаржы министрлігі, айналым
мерзімі бес жыл болатынжәне арнайы номиналдық құны100
АҚШ долларына тең валюталық облигациялар (АВМЕКАМ)
шығарды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жаңа валюта
саясатына көшу тыныш жағдайда өтті, банк жүйесі тұрақты
қызмет жасап тұрды. Айырбас пункттеріндегі теңгенің курсы
бірнеше күннің ішінде тұрақтанып үлгерді. Өзгермелі еркін
айырбас курсының режимін енгізу Қазақстан экспортының
бәсекеге белсенділік позициясын қалпына келтіруге және
өндірістің өсуін қайта жандандыруға ықпал етті. Мысалы, экс-
порт 1998 жылы 6,012 млрд астам АҚШ долларын құрады.
Өзгермелі еркін айырбас курсын енгізу тек экономикалық
қана емес, сонымен бірге ол, бәрінен бұрын, халықтың көз
алдында тұрақты экономикалық саясатты қамтамасыз ет-
кен саяси тұрғыдағы да қадам болды. Халықаралық қаржы
ұйымдарының кейбір ұсыныстарына қарамастан, біз жеке
және заңды тұлғалардың салымдарын қорғау бойынша
барынша ықтимал шараларды жасадық. Біз банктердің
клиенттеріне олардың салымдарын ақшаның құнсыздануына
дейін болған бағам бойынша конверсиялауға құқық бердік.
Бұлшаралар теңгенің айырбас бағамыныңшынайымағы-
насынан асыра бағалануын жоюға мүмкіндік берді. Құнсыз-
дандыру жылының қорытындысы бойынша төлем балансы
біршама жақсарып, мемлекеттің алтын валюта активі өсіп,
ең бастысы, экономикадағы өндірістің өсуі қалпына келді.
Саудадағы, негізгі әріптес елдердіңвалюталарымен салыстыра
алынған өзгермелі еркін айырбас курсы енгізілгеннен кейінгі
3 жылда жеткен теңгенің айырбас бағамының шынайы