Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
303
Ұлттық банктің жаңа төрағасы К. Дамитов құнсыздан-
дыруды жүргізу жағында сияқты көрінген. Бірақ қатты
толқу үстінде болды, өйткені жауапкершілік күшті еді. Мен
оны өзіме шақырып алдым; «иә» мен «жоқты» таразының
екі басына салып, ұзақ талқыладық, тек Ресейдегі қаржы
ахуалы тұрақтанғаннан және ел ішіндегі күтілген құнсыздану
төмендегеннен кейін ғана барып, 1999жылы сәуірде теңгенің
өзгермелі еркін айырбас курсының режимін енгізуге бардық.
Теңгені құнсыздандыруға байланысты жұмыстар 1998
жылы қыркүйекте-ақ іске асырыла бастаған-ды. Соның
арқасында, теңгенің өзгермелі еркін айырбас курсының
режиміне өтуі ойдағыдай іске асырылды. Бұл жерде негізгі
принциптерменреттемелікмәселелерді мұқият қарастырудың
да маңызы зор болды. Мәселен, айырбас курсының жаңа
режимін таңдап алу үшін сыртқы экономикалық ахуалдың
дүние жүзінде, әсіресе Ресейде одан арғы дамуының
ықтимал сценарийлері сараптаудан өткізілді. Әрбір нұсқаның
артықшылықтары мен кемшіліктері: күтілген теңге курсының
тепе-тең салмақтағы деңгейі, төлем балансы, алтын ва-
люта қоры, бюджет тапшылығы, қаржы нарығының әрбір
бөлігі және әлеуметтік көрсеткіштер тұрғысынан бағаланды.
Тәжірибелерді жан-жақты зерттей келіп, осы режимді жыл-
дам енгізудің арқасында валюта нарығы мен банк жүйесінің
құлауын болдырмауға мүмкіндік туды.
Біз валюта нарығын қолдау үшін сәуірде уақытша экспорт-
тан түскен табыстың 50%-ын сату сияқты шараны енгіздік те,
оны сол жылғы қарашаның ортасында тоқтаттық. Сонымен
қатар халықтың теңге түріндегі салымдарын және заңды
тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге салған депозиттерін,
сол сияқты зейнетақы қорларының теңге түріндегі активтерін
қорғауға барынша күш салдық. Бірқатар компенсациялық
шаралар іске асырылды. Мысалы, өздерінің теңге түріндегі
депозиттерін теңгенің өзгермелі еркін айырбас курсы