Page 303 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
302
Валюта нарығындағы ахуалды реттеп, теңгенің сол кездегі
тіркелген бағамын қолдау үшін Ұлттық банк үлкен валюталық
интервенциялар жасады да, өз алтын валюта қорының
біршамажалпы төмендеуіне алып келді. Мысалы, осыкезеңде
тұрақты курсты қолдауға 600 млн АҚШ доллары жұмсалды.
Бұл теңге үшін аса қиын кезең еді. Алтын валютаның одан әрі
азаюының алдын алып, экономиканың бәсекеге түсу қабілетін
қалпына келтіру үшін теңгені құнсыздандыру қажет болды.
Сіздер оған кімнің қарсы болғанын жақсы білесіздер. Біз тағы
да бір дақпыртты тас-талқан қылдық деуімізге болады.
Қазіргі уақытта теңгені құнсыздандыруды, ертерек,
Ресей рублінің құлауынан кейін іле жасау керек еді деген
пайымдауларды естиміз. Бірақ мен кәміл сенімдімін, егер
ТМД елдеріндегі қаржы нарығының тұрақсыздық жағдайы
аясында, сол сияқты ел ішіндегі біршама құнсыздануды күту
жағдайында бірден құнсыздандыру шараларын жүргізсек,
ол күткендей нәтиже бермейтін еді. Осындай жағдайдағы
құнсыздандыру нәтижесінде орнықтырылған валюта
курсының қандай да тепе-теңдігі өзінің ара салмағын тез
арада жоғалтып алар еді. Сол кезеңдегі негізгі міндет валюта
нарығының құлауын болдырмау және халық экономикалық
субъектілердің банк жүйесіне деген сенімдерін жоғалтып ал-
мау керек болды, бұлай ету оның күйреуіне апарып соғар еді.
Сол уақытта Г. Марченко басқарған Ұлттық банк дәл
дағдарыс кезеңінде теңгені құнсыздандырудың қажеті
жоқ деген позицияны ұстанды. Бізде жеткілікті түрде қор
бар еді, біз дағдарысты ауыздықтау үшін оның бір бөлігін
жұмсауға дайын едік. Солай бо­лып шықты да. Ұлттық банк
осы кезеңде валюталық қордың едәуір бөлігін жоғалтқанына
қарамастан, банк жүйесінің валютамен және мемлекеттік
бағалы қағаздармен алып-сатарлық жолмен жоғары табыс
табуына шын мәнінде ықпал жасады, біз дағдарысты қалай
болғанда да елеулі шығынсыз-ақ жеңіп шықтық.