Page 302 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
301
декс салық заңнамасының тұрақтылығы, салыққажеңілдіктер
беру жүйесінің бірлігі принциптерін бекітті, нақты бір салық
төлеушіге жеке тұрғыдан жеңілдіктер беруді алып тастады.
Соңғы жылдары салықтың мөлшерлемесі: жеке зейнетақы
салығы – 10%-ға, қосымша құннан алынатын салық –
14%-ға дейін айтарлықтай төмендетілді, оларды одан әрі
оңтайландырып, төмендету көзделіп отыр. Қазақстанның
қаржыжүйесініңосыбірбөлігінреформалау оныңқалыптасуы
мен нәтижелі дамуында маңызды рөл атқарды. Біздің қаржы
жүйеміздің ТМД елдері ішіндегі ең үздігі деп халықаралық
деңгейде танылуы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Ресейді
дүр сілкіндірген, 1998 жылғы экономикалық дағдарыстан
біздің ойдағыдай өтуімізден кейін болған еді.
1998
жылғы
экономикалық
дағдарыс
1998 жылғы экономикалық дағдарыс біздің жас елі-
міздің және оның қаржы жүйесінің беріктігіне өзінше бір
сынақ болды. Дүниежүзілік қаржы нарығындағы болған
ғаламдық өзгерістердің нәтижесінде, бірқатар елдердің
– Қазақстанның сауда әріптестерінің ұлттық валютала-
ры біршама құнсыздануға ұшырады. Бұл жағдай қазақ
теңгесінің нақтылы түрде қымбаттауына және Қазақстан
экспортының бәсекелік мүмкіншіліктерінің төмендеуіне
әсер етті. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан эконо-
микасына жағымсыз салдарының әсері Ресей рублінің
құнсыздануынан кейін тіпті күшейіп кетті. Бұл ішкі тауар
өндірушілерді Қазақстан нарығында шетел тауарларының
экспансиясынан қорғаумен және теңгенің тұрақты айырбас
бағамын қолдаумен байланысты проблемаларды туғызды.
Сол кезде Ресейдегі қалыптасқан ахуал қалай бағаланса,
соны сол күйінде Қазақстанғажай көшіре салу әдеті ішкі валю-
та нарығында шетел валютасына өрепкіген сұраныс туғызды.