ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
300
саны арта түсті. Жүйенің тиімсіздігіне тағы бір мысал: түскен
пайдаға салынатын салықтың мөлшері салалық принцип пен
меншіктің түріне қарай саралап жіктелінді.
Сонымен бірге, сол жылы салық органдарына тәуелсіз
мәртебе бере отырып, біз салық жүйесін құрудың жалпы
принциптерін, салықты салудың тәртібін, салықтың жаңа
түрлерін енгізудің тетіктерін тәртіпке келтірудің, ставкалардың
мөлшерін анықтай алдық. Сөйтіп, салықтық әкімшіліктің
ағымдағы жүйесінің негізі қаланды.
Салық салу тәжірибесіндегі аса қомақты және принципті
өзгеріске1992жылыенгізілген,жәнебіз үшінжаңалықболған,
қосымша құннан алынатын салықты (ҚКС) жатқызамыз. Оны
енгізу республиканың бюджетін сенімді және тиімді пайда
көзімен қамтамасыз етті, тұтыну сұранысын реттеу жөнінде
маневр жасауға біршама еркіндік берді. Ол сол кезеңде бюд-
жет қаржысының инфляциялық құнсыздануының алдын алу
құралы болды, себебі ол салық түсімдерін бағаның өсуімен
тікелей байланыстырды.
Одан әрі, экономикалық ахуал да 1995 жылдан бергі
кезеңде қалыптасқан өзгерістерді ескере келе, 2001 жылы
жаңа Салық кодексі жасалды да, ол 2002 жылдың басынан
қолданысқа енгізілді. Жаңа Салық кодексінің ережелері
салықтардың фискалдық және ынталандырушылық қыз-
меттерін қоса атқаруды барынша оңтайландырды әрі
жеткілікті дәрежеде жүргізіліп отырған салық саясатының
негізгі мақсаты – мемлекет пен салық төлеушінің мүдделерін
үйлестіретін салық жүйесін құруды іске асыруға жеткілікті
мөлшерде мүмкіндік берді.
Жаңа Салық кодексін қабылдау Қазақстанның салық
заңнамасының дамуындағы бір жаңа кезең болды. Салық
кодексі, алдыңғы жылдарда қалыптасқан салық жүйесінің
концепциялық негіздерін нығайтып, салық саласындағы
құқықтық тетіктердің тиімділігін бір мезгілде арттырды. Ко-