Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
299
дамытуға ынталандырды, тиімділігі жоғары технологиялар-
ды дамытуға және ұзақ мерзімді капитал салуға, шетел ин-
весторларын тартуға жағдай туғызды.
Заңның негізгі принципі – әділеттілік принципі еді, ол
«жоғарыдан төмен» қарай да, «оңнан солға» қарай да теңдік
болуын қарастырған. Бұл жүйеде салық, төлеушілердің
барлық табыстарына, олардың көлеміне, сонымен бірге
оны қалай табатындарына және жұмсауларына қарамай,
бірдей тең жағдайда салынады. Реформаланған салық
жүйесінің артықшылықтарына оңтайлылығы, салық салудағы
экономикалық бейтараптығы, салық мөлшерлемесінің
шектеулілігі және салыстырмалылығы жатады. Мысалы,
Қазақстан Республикасында қолданыста болған салықтың
және ақша түсімдерінің 45 түрінің, сондай-ақ мақсаттық
қорға деп бөлінген соманың 6 түрінің орнына салық пен ақша
түсімдерінің 19 түрі ғана қалды.
Инвестициялық ынталандыруларға, негізгі қаржы паркінің
жаңаруына және өндірісті жетілдіруге мүдделілікті арттыру
мақсатында пайдалану мерзімін ұзарту мен шығындарды
азайтудың, оларды есептеудің қарапайым түрі қарастырылды.
Сонымен бірге, бұл заң жаңару кезінде туындайтын про-
блемаларды толықтай шеше алмайтын еді. Салық жүйесінің
жетілмегендігі және оның одан әрі реформаландыруды талап
ететіні анық байқалды.
Сол кезге таман қалыптасқан салық жүйесі «іріктемелі
жеңілдіктержасау» принципі бойынша қызметжасады. Мыса-
лы, түскен пайдаға салынатын салық бойынша тоғызға дейін
мөлшерлеме көлемі әртүрлі –0-ден 70%дейінгі көрсеткіштер
(меншіктің түріне, саласына, қызмет көрсету түріне байла-
нысты) және салық төлеуден босатудың немесе салықтың
мөлшерлемесін кемітудің (пайданы жұмсау бағытына, оның
түсу көздеріне байланысты) 40-тан астам түрі қолданылды.
Салықтың басқа да түрлеріне жасалынатын жеңілдіктердің