ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
298
жатқан кәсіпорындар санының күрт өсуі шаруашылық және
салық есебінің күрделіленуіне алып келді. Осыфакторлардың
барлығы салық салу жүйесінің өзін реформаландыру
қажеттігі туралы мәселені көлденең тартты.
Сонымен бірге, мемлекеттің бюджеттік құрылымының
жаңа принциптерін анықтау туралы айтқанда, қалған заң-
намалық базаны жасай отырып, біз осы қадамға қарай
жоспарлы түрде жүргенімізді атамай кетуге болмас еді. Бұл
оңайға соқпайтын міндет болатын. Елімізге соншалықты
қажетті заңдар ұзақ уақыт Жоғарғы Кеңесте қозғалыссыз
жататын. Олар бойынша талқылаулар жарты жылдықта бір
рет қана өткізілетін, ал елдегі ахуал әсірелеп айтқанда, күн
сайын емес, сағат сайын өзгеріп отырды. Көбіне, нашар
жағына қарай.
Қалыптасқан ахуалға қарамастан, 1991 жылыҚазақстан
Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында біз қалай болғанда
да, салыққа қатысты құқықтық нормативтік актілердің
республикалық пакетін қабылдадық, оған он төрт заң кірген.
Жалпы алғанда «Қазақстан Республикасының салық жүйесі
туралы» Заңы 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпы міндетті
және 17 жергілікті салықты қарастырды. Осы Заң мемлекет
экономикасын реформаландырудағы алғашқықадамдардың
бірі болды.
Бюджет жүйесін жетілдірумен қатар, біз салық жүйесін
де осы заманның шындығына қарай жақындату үшін
жұмыстар жүргіздік. Бұған қарай жасалған бірінші қадам
1995 жылы «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдер туралы» Заңның қабылдануы болды. Бұл
заңның қабылдануымен салық жүйесінің тиімділігін көтеруге
мүмкіндік туды. Осы нормативтік актінің қабылдануымен
салық саясаты салық санының өсуіне қарай емес, оны
оңтайлатуға қарай бағытталды. Ол шаруашылық жүргізуші
субъектілерді іскерлік белсенділікті арттыруға және өндірісті