Page 29 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
28
болашақта гиперинфляция, дәлірек айтқанда – ұлттық
валютаның күйреуі мен жалпы қаржы-экономика апаты
күтіп тұр. (...) өлім қаупі алдағы жылдың наурызынан
кешікпей келеді».
«Независимая газета»,
27 мамыр 1994 жыл
Тарихтың өзі көрсеткендей, бұл «болжамдардың» бәрі
жүзеге аспады. Ол – ол ма, тәуелсіздігімізді жариялағаннан
кейінгі он жылдан соң, посткеңестік кеңістікте Қазақстан
көптеген салаларда көшбасшы болды. Елімізде тұрақты
әлеуметтік-саяси жағдайдың сақталуы, ұлттық валютаның
табысты енгізілуі, халықаралық қаржы институттарына
кіруі және экономиканың әкімшіл-әміршіл принциптерінен
түбегейлі бас тартуы, осының нәтижесінде, халықаралық
қауымдастықтың Қазақстанды мойындауы – экономика са-
ласын реформалаудың алғашқы кезеңіндегі бастыжетістіктер
осындай болды.
Мемлекетіміз бен экономикамыздың тәуелсіздігін қалып­
тастыру мен нығайту кезеңінде кәсіби шебер кадрлардың
же­тіспеушілік проблемасы өткір сезілді. Бізге қазақстандық
мамандарды – экономистерді, заңгерлерді, әскерилерді,
қаржыгерлерді және басқаларды бұрынғы Одақ бойынша
іздестіруге тура келді. Көбін отанына оралуға үгіттеп жатудың
да қажеті болмады. Олардың бәрі өз ісінің шебері және
Қазақстанның патриоты болды. Дәл сол кезеңде Қазақстанға
көптеген кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар қайтып оралды,
кейіннен олар мемлекеттік қызметте биік лауазымдарды
иеленді.
Дегенмен, оңтайлы экономикалық үлгіні іздестірумен
қатар, идеялық бағытты айқындап алу да өте маңызды
мәселе болды. Мен өз ойларымды 1993 жылы шыққан
«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде»