Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
297
Бұрын Үкімет бюджет тапшылығын қаржыландыруды
Ұлттық банктен қарыз алу арқылы іске асыратын, бірақ бюд-
жет тапшылығын Ұлттық банктің несиелеуі біздің инфляция
деңгейін төмендету және ұлттық валютаның тұрақтылығын
ұстап тұру жөніндегі әрекеттеріміздің бәрінжоққашығаратын.
Сондықтан мемлекет қаржы тапшылығын Ұлттық банктің
қаржысы есебінен қысқартуға барды да. Сырттан қарыз
алуға көшті; ал ондай қарыздардың үлесі 1994 жылы – 55%,
1997жылы– 81%болды. Макроэкономикалық тұрақтану да
сыртқы қарызды көбірек алуға жағдай туғызды. Нәтижесінде
1998жылға қарай республика Үкіметі Ұлттық банктен тікелей
қарыз алуды біржола тоқтатты.
Ақырында, экономиканың көтерілуі арқасында және
1998 жылы 76%, 1999 жылы 63%болған осы қарыздардың
біршама қымбаттығына байланысты сырттан қарыз алудың
көлемі бірте-бірте азая берді. Үкіметтің сырттан қарыз алуы
халықаралықсуверенді облигацияларды4ретшығаруарқылы
іске асырылды. Олар: үш жылдық (1996 жыл), бес жылдық
(1997 жыл), бес жылдық (1999 жыл), жеті жылдық (2000
жыл) болды. 1999 және 2000 жылдарда еурооблигация-
ларды орналастыру Қазақстанның халықаралық имиджінің
нығаюына ерекше әсер етті, өйткені ол халықаралық капи-
тал нарығында дамушы елдерге деген сенімнің біршама
төмендеген жағдайында орын алды. Халықаралық сарапшы-
лар соңғы орналастыруды осылай деп бағалады.
Алайда, өзіміздің бюджет жүйемізді қалыптастыруға
кірісе отырып, біз бюджеттің табысты бөлігін қалыптастыру
проблемаларымен соқтығысып қалдық. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында осы заманғы салық салу мәселелері
бойынша кәдімгі заңнамалық актілердің болмауы бізді
тығырыққа әкеліп тіреді. Кеңестік кезеңде барлық салық сая-
саты біздің республикадан тыс жерде қалыптасты да, біздің
ондай тәжірибеміз болған жоқ. Сонымен бірге құрылып