Page 297 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
296
салуға жұмсалатын бюджеттік бағдарламалар орындал-
ды. Бюджеттің осылай бөлінуі, мемлекеттің заңнамамен
анықталған міндеттерін орындауына, яғни мемлекеттік меке-
мелер жүйесін ұстауға бағытталған қаржының нақты құнын,
әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған мемлекеттің
инвестициялық үлесінің көлемін, сол сияқты бюджеттік
бағдарламаларды жүйеге келтіру шығындарын шынайы
бағалауға мүмкіндік берді.
Бюджеттік саланы реттеуде жүйелік тәсілді қалыптастыру
үшін Бюджет кодексі жасалынды, ол қолданыстағы заңнама-
лық нормаларды тәртіпке және жүйеге келтіруге мүмкіндік
берді, олардың оралымды құрылымын қамтамасыз етті.
Ұлттық қор бірінші рет еліміздің бюджет жүйесінің құрамдас
бөлігі деп жазылды.
Бұл Кодекске бюджет жүйесінің орнықтылығымен тұрақ-
тылығын қамтамасыз еткен жаңа принциптері негізделді,
бюджеттік жоспарлаудың бұрын қолданылып келген прин-
циптері, барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс және шығыс
бөлімдерін қалыптастыру тәсілдері қайта қарастырылды. Бұл
жердегі маңызды нәрсе сол, осы Бюджет кодексінде тиісті
есептеулер жүргізу негізінде бюджеттік бағдарламалардың
тиімділігін бағалау, олардың негізделуін сараптау, олардың
орындалу барысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына тигізіп отырған ықпалын, тиімсіз бағыттарын
анықтау қарастырылған.
Мемлекеттік борышты басқаруға қатысты қолайлы
шешімді іздестіру бюджеттік реформаның аса маңызды
аспектілерінің біріне айналды. Мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын қаржыландыру туралы мәселе күн тәртібіне
ерекше өткір қойылды, ел бюджетінің кең көлемдегі қаржы
тапшылығын жабу үшін мемлекеттік қарыз алудың нақты
лимитін заңнамалық түрде орнықтыруға біз бірінші рет
бардық.