Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
295
дарт талаптарына сай жаңа классификациясын енгізу еді.
Мұның енгізілуі барлық деңгейдегі бюджет шығындарын
өзара байланыстыра отырып, мемлекеттің бағдарламалық
міндеттерін орындауға, сонымен қатар орындаушылық
тәртібін жақсартуға және бюджетті қалыптастырудың шына-
йылығын арттыруға мүмкіндік берді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйе-
сі туралы» үшінші заңы қабылданды. Бұл заң бюджет
жүйесінің бірлігі принципін қамтамасыз етуге, бүкіл ре-
спублика аумағындағы тұрғындарға бірдей мемлекеттік
қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуге және аймақтар
арасындағы сәйкессіздікті теңестіруге мүмкіндік берді. Сол
сияқты осы заңмен бюджетаралық қатынастар, бюджеттік
кемітулер мен субвенциялардың тетіктері орнықтырылды,
белгілі бір мемлекеттік қызметтерді республикалық және
жергілікті бюджеттерге сәйкес қаржыландырудың арасы-
на шек қойылды. Бұл кезеңде реформаландырудың басты
назары бюджет ақшасын мақсатты әрі тиімді пайдалануға
және бюджеттің кредиторлық қарызының өсуін болғызбауға
шоғырландырылды. Біз барлық мемлекеттік мекемелердің
өздеріне бюджет заңнамалығымен жылына тағайындалған,
белгілі бір бюджеттік сомадан тыс мөлшерде қаржылық
міндеткерліктер алуына құқығыжоқ деген тәртіпті бірінші рет
заңнамалық негізде анықтап бердік.
Тұрақты негізде құрылған бюджет комиссиялары біз үшін
артықшылығы бар мәселені, яғни кезекті жылға арналған
бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекет шығындарының
орындылығын қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік
берді. Мемлекеттік бюджетті ағымдағы бюджетке бөлу
жүзеге асырылды, соның есебінен мемлекеттің ағымдағы
қажеттіктерін орындауға бағытталған және экономикаға
жұмсалатын инвестициялық шығындарды, яғни инфра-
структураны, қала құрылысын дамытуға, ақпараттық жүйені
құрып, дамытуға, ғылымға, адам капиталына инвестиция