Page 295 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
294
Мемлекеттік қаржы жүйесін басқару туралы айтатын
болсақ, 1994 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің орында-
луымен Ұлттық банк те, Қаржы министрлігі де айналысты.
Мұндай күлкілі жүйе тиімді бақылауды қамтамасыз ете ал-
мады. Оны жетілдіру мақсатында біз Қаржы министрлігінің
құрамында Қазынашылық бас басқармасын құрдық. Бұл
1996 жылдан бастап бірыңғай қазына есепшоты арқылы,
кірістердің және жүргізілген кассалық шығындардың жалпы
сомасын есепке алу мен шығынын есептен шығару жөніндегі
операциялардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
берді. Бір жылдан кейін жергілікті бюджет бойынша төлемдік
тапсырыстар арқылы шығындарды қаржыландыру тетігі
тоқтатылды, қаржыландыру ісі қаржылық және бюджеттік
рұқсат түріндегі лимиттер беру арқылы іске асырыла бастады.
Бұл еліміздіңбюджетжүйесінжетілдіру бағытындағыалғашқы
қадамдарымыздың бірі болды.
Реформаларды жүргізгенге дейін бүкіл бюджет процесі
бюджет өтінімдерін бұрынғыша біріктіру түрінде болды, содан
кейін барып қана, онсыз да аз қаржыны бюджет мекемелері
арасында бөлу жүргізілетін. Бұл процесте іс жүзінде бюджет
аясында іске асырылуға тиісті, макроэкономикалық ахуал
есепке алынбады, сол сияқты экономикалық саясаттың
принциптері мен басымдылықтарына сәйкес шығындарды
байланыстыруға әрекеттер жасалмады. Сөйтіп, бюджетті
дайындау процесі Үкімет іске асыруға тиісті басымдылықтар
мен бағдарламаларды талқылаудың орнына, сандарды сапы-
рылыстыру түрінде ғана өтті. Тіпті дайындау үрдісінің соңғы
қорытынды кезеңінде, Парламентте бюджеттің түпкілікті
нұсқасы талқыланып жатқан уақытта, шығындардың кейбір
бап­тарына байланысты ғана дауласу жүріп жатты. Сонымен
бірге шығындарды бағдарламалық басымдылықтармен бай-
ланыстыру әрекеттері мүлде болған жоқ.
Осы саладағы маңызды қадамдардың бірі 1997 жылы
жасалды. Ол кірістер мен шығындардың халықаралық стан-