Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
293
Б
юджет және
салық жүйесі
Менің осыған дейін айтқанымдай, банк жүйесі өзінің да-
муына қарай қадам басуы үшін, мемлекет қаржысы саласын-
да, мемлекеттіңбұған сайма-сай келетін саясатын қамтамасыз
ету қажет болды.
Бұрынғы одақтық бюджеттен берілетін субвенциялар
мен дотациялардан (1991 жылы олар біздің республи-
ка бюджетінің алтыдан бір бөлігін құрады), сол сияқты
қаржыландырудың ведомстволық көздерінен айрылған,
бұрындары, әдетте, Одаққа тікелей қараған деген желеу-
мен республикадағы өндіріс көлемінің жалпы 90% астамын
алып тұрған салалар мен кәсіпорындардың ауыр дағдарысын
сезіндік. Осылардың бәрі жаңа бюджет жүйесін құруды талап
еткен.
Мемлекеттік қаржы саласын реформалау жөніндегі
алғашқы қадамдардың бірі – 1991 жылы Қазақстанның
бюджет жүйесі туралы өз заңын қабылдауы болды. Осы
заңның арқасында, Қазақстан Республикасының бюджетін
қалыптастырудың принциптері өзгертілді, республикалық
және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара қарым-
қатынастар анықталды. Оның негізін салушы республикалық
және жергілікті бюджеттердің дербестігі туралы принцип
болды.
Сонымен бірге, оқиғалардың жылдам өрістей бастаға-
нынан көп ұзамай, қабылданған заң ендігі талаптарға жауап
беруден қалды. Тиімділігі жоғары бюджет жүйесін құруда
ең негізгісі деп саналатын «әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің
бірлігі» принципінің өзі тағайындалмағанынжәне оның үстіне,
кезектегі жылдың бюджеті сияқты, қосымша бюджет жасауға
рұқсат етілетінін, сонсоң олар да арнайықаралып, бекітілетінін
айтсақ та жеткілікті.