Page 293 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
292
ірі сауда жүйелері «Технодом», «Евросеть», «Сулпак»,
«М-Техникс», сондай-ақ елдің барлық аймағындағы
мамандандырылған жеке дүкендер және басқа да компания-
лар бар. Әріптестік байланыстарды үздіксіз кеңейте отырып,
компания сенімді және тәжірибелі әріптестермен іскерлік
өзара қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Тұтынуды несиелеу нарығының өсуі Қазақстанға ше-
телдік жаңа ойыншыларды тартуда. Чех қаржы тобынан
кейін іле-шала еуроаймақтағы аса ірі тағы бір қаржы тобы
Қазақстанның бөлшек саудасын игеруді жоспарлап отыр.
Француздың «Societe Generale» банк тобы таяу араларда
Қазақстанда өзінің бөлімшесін ашқысы келеді.
Бұл кейбіреулерге ерсі көрінуі мүмкін, бірақ мен шетел
капиталының келуіне кәдімгідей қуанамын. Өйткені жоғары
пайыз алу несие салудың күшті тәуекелдігімен байланысты
болған кез артта қалды. Қазір тұрғындардың тұрақты табыс-
тары және тиянақты қаржылық жағдайлары бар. Ал, біздің
банктер жоғары пайыз алу әдетімен әлі де «қоштасқылары»
келмейді.Шетелдіктер қаржы қызметін көрсету нарығындағы
бәсекенің деңгейін көтереді, нәтижесінде қоғам ұтады.
Жалпы алғанда, банк секторы дамуының қорытындысын
түйіндей келе, оның осы уақыттар ішіндегі дамуы, мемлекеттің
жан-жақты қолдауыныңжәне мемлекеттік қаржыжүйесін кең
көлемде реформалаудың нәтижесінде іске асты деп, айтуға
болады. Сондықтан, әсіресе нарыққа өту кезеңіндегі үрдісте
біздерге бюджет жүйесі саласында да, сол сияқты салық салу
саласында да түбегейлі реформаларға баруға тура келген
кезде, оларды жетілдіру үрдісін босатып жіберу әділетсіздік
болар еді.