Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
291
монеталану деңгейі – ТМД елдері ішіндегі ең жоғарғысы.
Бұл біздің банктерге көршілеріміздің қаржы нарықтарына
белсенді түрде экспансияжасауғамүмкіндік беріп отыр. Көрші
елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда дамыған банк жүйесі
бар біздің банктерге, олар сияқты капиталыжәне ең бастысы
– салымдардың қауіпсіздігі мен табыстылығына кепілдемесі
жоқ, олардыңжергілікті банктермен бәсекелі күресте жеңіске
жете отырып, көп жағдайда өздеріне тиімді пайда пайыз-
дары мен шарттарын ұсынуға мүмкіндік берді. Мысалы,
Қазақстандағы орташа жылдық пайыздық мөлшерлеме 10-
15 пайыз арасында ауытқып отыратын болса, Тәжікстандағы
бұның бір жылдық көрсеткіші 36 пайызға тең. Келісіңіз,
айырмашылық өте үлкен.
Микроэкономикалық ахуалдың тұрақтылығы, өсіп
отырған біздің адамдардың тұрмыс деңгейі, өз орайында,
Қазақстанды, шетел қаржы компаниялары үшін аса тар-
тымды етеді. Егерде біздің пайыздық мөлшерлеме ТМД
елдерінікімен салыстырғанда төмен деп есептелінсе, онда
батыстың тұтынушылары үшін осы 10-15% келісуге бол-
майтын тым көтеріңкі деп есептеледі. Шетел банкілерінің
келуі Қазақстанның қаржы нарығындағы бәсекені дамытуға
мүмкіндік береді.
Мысалы, қазірдің өзінде біздің нарықта Чехияның аса
ірі «Хоум Кредит» (Home Credit Group) сақтандыру компа-
ниясы қызмет жасай бастады, бұрынырақта «Хоум Кредит
Қазақстан» акционерлік бірлестігі құрылған. Кәсіпорын
қызметінің басым бағыттары тұтынуды несиелеу болып та-
былады. Компания Қазақстан нарығында несиелік қызмет
көрсетудегі өзгерістерге өте шапшаң рай білдіре отырып,
клиенттермен әріптестерге несиелеуменынтымақтастықтың
қолайлы шарттарын ұсынады. Қазақстандағы ең табыс-
ты кәсіпорындар «Хоум Кредит Қазақстан» акционерлік
қоғамының әріптестері болып табылады, бұлардың ішінде