Page 291 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
290
инвестицияларының ағылып келуі есебінен шешіп келген
болатын. Қаржы жүйесінің осы және басқа да мәселелеріне
мен қашан да мұқият көңіл бөлетінмін. Мемлекеттік және
жеке секторлардың өзара ынтымақтасуы экономика үшін,
біржақты мемлекеттік жоспарлауға қарағанда, әлдеқайда
пайдалы екендігі кімге болсын құпия емес-ті.
Атап айтқанда, I конгрестің арқасында қаржы нарығы-
ның барлық секторларының өкілдері, Қазақстан қаржы
нарығының даму проблемаларын талқылауға бірінші рет өз
еріктерімен бірікті. Мысалы, олар экономикалық дамудың
және халықтың әл-ауқатын жақсартудың орасан зор
міндеттеріншешуге мүмкіндік беретін инвестициялық салым-
дарды кеңейту және жаңа қаржы құралдарын қалыптастыру
проблемаларын қарастырды.
Салымдардың кепілді жүйесін құрумен бір мезгілде
салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында банк
құпиялары бойынша заңнама күшейтілді. Мысалы, жеке
тұлғалардың есепшотындағы ақшаның қалдығы және
ақшаның қозғалыстары туралы мәліметтер тексеру органда-
рына тек қылмыстық іс қозғалғанда және прокурордың санк-
циясы болғанда ғана беріледі. Сонымен бірге, салық және ке-
ден органдары банк құпиясы болып табылатын мәліметтерді
алу құқығы бар мемлекеттік органдар тізімінен шығарылды.
Біздің қаржы жүйеміздің табыстылығының тағы бір
жарқын көрінісі – Қазақстан капиталының көрші елдердің
нарықтарына экспансия жасауы және біздің қаржы нарығы-
мызға шетел капиталының келе бастауы болды.
Бір кездерде біз бұл туралы ойға да ала алмайтын-
быз. Біз бүтіндей алғанда өзіміздің қаржы жүйеміз бен
экономикамыздың дұрыс қызмет жасауын қамтамасыз
етуді ғана ойладық. Бірақ нәтиже басқаша болып шықты,
реформаның нәтижесі біз ойлаған ең батыл нәтижелерден
артығымен асып түсті. Қазір Қазақстан экономикасының