Page 290 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
289
мен журналистер: «Марченко енді өмір бойы сақалмен өтетін
шығар» деп айтып та, жазып та жүрді. Содан арада тура екі
жыл өтісімен, атап айтқанда, 2001 жылы 7 қыркүйекте, ол
баспасөз конференциясына «кенеттен жасарып» кіріп келіпті.
Жұрттың бәрінің көзінің түскені – оның ақ кіре бастаған сақал-
мұрты жып-жылмаған тап-тақыр қылып қырып тастапты,
дейді. Ол сол жерде жеке тұлғалар жинақтарының мөлшері
1,116 млрд АҚШ долларына жеткендігін хабарлапты.
Тұрғындар қаржысын Қазақстан банкілеріне тартуда осы
бір бәстесудің пайдасы жарнамалық және ақпараттық шара-
лардан артық болмаса кем болмауы әбден мүмкін. Кейіннен,
Марченко қаржы нарығының жеке бөліктері тиімділікпен да-
митын болса, сақалымдықырып тастаймын деп тағыда екі рет
уәде берді. Бірақ енді онымен бәстесуге ешкім шықпады.
ГригорийАлександровичМарченко–«Евромани»журна-
лы «ең үздік банкир» деп таныған, өзінің позициясын қорғай
білетін және айтқандары көп жағдайларда дұрыс болып
шығатын, кәсіби біліктілігі жоғары маман. Ұлттық банктің
төрағасы ретіндегі оның қызметін мен қашанда қолдап отыр-
дым. Оның бірбеткейлігіне байланысты Үкіметпен және Пар-
ламентпен қағысып қалуы аз болмайтын, бірақ ол қашанда
өз пікірін қорғап шығатын.
Жинақ ақшаны сақтаудың және оған халықты ынталан-
дырудың идеясын мен 1999 жылы мамырдың аяғында
Республика қаржыгерлерінің I Конгресінде-ақ ұсынғанмын.
Ол кезде біздің экономикамыз, дүниежүзілік қаржы және
тауар нарықтарындағы күрт өзгергенжағдайларға бейімделу
салдарынан өте ауыр проблемаларға ұрынған болатын.
1998–1999 жылдардағы дағдарыс, экономиканы дамы-
ту үшін инвестициялық ресурс ретінде, азаматтардың ішкі
жинақтарына көңіл аударуға итермелеген. Ал оған дейінгі
экономиканықолдап тұруғажәнедамытуға қажетті қаржының
жетіспеуін, банк қауымдастығы, сыртқы заемдар мен шетел