ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
288
қолдады. Қазақстанның 20 банкі мен ипотекалық компания-
ларыипотекалық несиелер кепілдігі жүйесінің қатысушылары
болып табылады.
Менің ойымша, біздің қаржыжүйеміздің табыстыболуын
шетелдік сарапшылардың бағалауы немесе қандай да бол-
масын экономикалық есептеулер емес, мына төмендегі дерек
айқын дәлелдейді.
1999 жылдың 1 сәуіріне таман екінші деңгейдегі Қазақ-
стан банктеріндегі халықтың салымдары 348 млн АҚШ
доллары мөлшерінде болды. Бірақ, әртүрлі сараптамалық
бағалаулар бойынша, азаматтардың жасырын жинаған
ақшалары 1 миллиардтан 3 миллиардқа дейінгі АҚШ дол-
ларына тең делінеді. Бұл сома сол кезеңдегі банк есепшот-
тарындағы және зейнетақы жинақтау жүйесіндегі сома-
дан кем дегенде бір жарым есе артық болды. Жүргізілген
реформаның көмегімен, біз азаматтар жинақтарының біздің
қаржы жүйемізге ағылып келуіне қол жеткіздік, сөйтіп бүгін
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі
жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін Қазақстан
қоры» акционерлік қоғамының резерві 339 млрд теңге ша-
масында болып отыр.
Сол уақыттарды еске ала отырып, мен: оның арғы
жағында қаншама реніштер, кейде тіпті күлкілі оқиғалар
болғанын ойлаймын. Мысалы, маған солардың ішінде
мына бір жағдай өте ұнайды. Тұрғындардың қаржыларын
банкілерге тарту науқаныжүріп жатқан кезде сондағыҰлттық
банктің төрағасы Григорий Марченко бірде: «бұл науқан
нәтижелі болып аяқталған жағдайда, өзімнің сақалымды
қырып тастаймын», – деп көпшіліктің алдында маған уәде
бергені бар. Сонымен бірге, егер жеке тұлғалардың екінші
деңгейдегі банктердегі салымдары 1 млрд АҚШ долларына
жетсе, соны нәтижелі деп есептейтін болдық.
Григорий Марченконың мәлімдемесі әсіресе бұқаралық
ақпарат құралдарына ұнап қалыпты. Көптеген экономистер