Page 28 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
27
З. Бжезинский бастаған американдық саясаттанушылар
республиканың көпұлттықұрамына байланыстықорқынышты
ішкі этносаралық қақтығыстардан немесе бізді Ресей, Қытай,
мұсылман мемлекеттері секілді елдердің жұтып қоюынан
қауіптенді. Мысал үшін З. Бжезинскийдің «Ұлы шахмат
тақтасы» кітабынан мынадай үзінді келтірсек те жеткілікті:
«Бұл республикаларда тек элита өкілдері ғана емес,
тіпті, қарапайым адамдардың да барған сайын ұлтшылдық
пиғылға ауысуыжәне, сірә да, көп жағдайда мұсылмандық
бағытты ұстануы болмай қалмайтын нәрсеге айналуда.
Қазақстанда, яғни табиғи ресурстардың үлкен қоры бар,
бірақ 20 млн адамдай ғана тұрғыны орналасқан, қазақтар
мен славяндарарасындашамамен теңболыпбөлінген ұлан-
ғайыр елде, лингвистикалық және ұлттық алауыздықтың,
байқауымызша, өрши түсу тенденциясы бар».
З. Бжезинский, «Великая шахматная до-
ска» (Brzezinski Z., «The Grand Chessboard.
American Primacy and Its Geostrategic
Imperatives», 1998)
Сыншылдық сарынды Ресейдің тәуелсіз басылымдары
бас­тағанын да айтуымыз керек. Олардың беттерінде Солже-
ницын секілді Жириновский де ерекше көзге түсті. Қазақстан
деген бұл уақытша құбылыс, ол тәуелсіз мемлекет ретінде өмір
сүре алмайды, Қазақстанда орыстардың құқысы шектелуде-
міс деп мәлімдеді ол. Ресейлік жаңа либерал саясатшы-
экономистер: Қазақстан РесейФедерациясымен байланысын
жоғалтып, банкротқа ұшырайды да, «Ресейге тізерлеп өзі-ақ
келеді», – деп сәуегейсіді.
«...қазіргі экономикалық саясат сақталған жағдайда,
деп болжайды ресейлік сарапшылар, Қазақстанды таяу