Page 288 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
287
1997 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі одан бұрынғы жылмен
салыстырғанда 101,7% болды. Қолайлы экономикалық
ахуал, бәсекеге түсе алатын нарықтың қалыптасуы даму
үрдісімен бірге жүріп, банк секторының динамикалық да-
муына ықпал етті.
Осы жерде мен, біздің банк жүйесін реформалаудың
жеке бір сәті ретінде, халықтың сенімін арттыруға байла-
нысты шаралардың болғанын тағы да бір атап өткім келеді.
Бұл – бүгінде біздің адамдарымыз пайдаланып отырған
несиелердің: автомобиль, ипотека және т.б. алуға арналған
түрлері. Бір кездерде біздің адамдар «несиемен өмір сүруге»
қорқатын. Демек, бұл жерде, еліміздің қаржыжүйесіне деген
адам сенімдерінің деңгейін әлдеқайда арттырған – халықтың
салымдарын сақтандыру жөніндегі шаралар зор рөл атқарды.
Мысалы, 1999 жылдың соңына қарай Қазақстанның жеке
адамдар салымына кепілдік (сақтандыру) қоры құрылды.
Оның қызметі – осы жүйеге кірген банктер жойылған жағ-
дайда, азаматтарға олардың салымдарын қайтарып беруді
қамтамасыз ету болды.
Соңғы осындай мысал – «Наурыз-банк» төңірегінде
болған жағдай. Бұл банк мемлекеттік құрылымдардың
қолдауымен құрылған еді, бірақ оның қабілетсіз басшысы
банкті банкротқа ұшыратты. Салымшылар, оның ішінде мем-
лекет те бар, ақша­ларынан айрылды. Банктің басшылары
қашып жүр. Қор жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруға
мәжбүр болды. Қазіргі кезде Салымдарға кепілдік беру
қоры, халықаралық стандартқа бірте-бірте өтуді іске асыра
отырып, тұрақты қызмет жасауда. Кейінірек, 2001 жылы
халықаралық сарапшылардан жоғары баға алған Актуар
орталығы құрылды. Бұдан басқа, Несие тарихының бюро-
сы және Ипотекалық несиелер кепілдігінің қоры бар. 2005
жылдың 30желтоқсандағыжағдайыбойынша қоржалпы со-
масы5млрд теңгеге теңипотекалық несиелердің кепілдіктерін