ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
286
шеңберінде тиімді жұмыс істеуде. Айта кетейін, мені
Агенттіктің жұмыс нәтижесінің мынадай мәліметтері ерек-
ше қуантты. 2005 жылы Агенттік 762 жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін тіркеді. Бір қарағанда, бұл аса көп те
емес. Бірақ біздің адамдар әртүрлі себептермен қандай да бір
мәселелерді көтергісі келмейтіндерін еске алсақ, онда бұл сан-
дар қомақты көрінеді. Мысалы, осындай бір өтінішбойынша,
Агенттік банкоматтардың қызмет жасауының мәселелерімен
айналысты. Дәлірек айтқанда, олардың қызмет жасамай,
босқа тұрып қалатынына қатысты іспен шұғылданды. Осыған
жауап ретінде, екінші деңгейдегі банктерге банкоматтардың
жұмыстарын ұйымдастыру және олардың тиісінше дұрыс
қызмет жасауын қамтамасыз етужөнінде қойылатын талаптар
көрсетіліпНұсқауларжобасыжасалдыжәне осыНұсқауларды
іске енгізу жоспарланды.
Жеке мен үшін бұл жағдай, менің ойлауымша, белгілі
бір дәрежеде біздің барлық мемлекеттік органдардың қалай
жұмыс істеуі керектігінің мысалы болуға тиіс. Азаматтардың
барлық өтініштері назарға алынып, ой елегінен өткізіле
қарастырылуы және барлық сұрақтарға жауап берілуі керек.
Жаңа тарихи жағдайларда жұртты: «адам – мемлекет үшін
емес, мемлекет – адам үшін» деген қағидаға үйрету қажет.
Кәнеки, келіңіздер, білуге тырысыңыздар, сұрақ қойыңыздар,
мәселе көтеріңіздер, соның жауабын алуға тырысыңыздар.
Сіздер –Қазақстанның азаматтарысыздар. Демек, бір кездер-
де мысқылға айналған: «халықтың қызметшісі» дегенжораны
шындыққа айналдырайық.
Тұтастай алғанда, біздің қаржы жүйемізді нығайтудан,
оның халық сеніміне ие болуынан және оның алғашқы та-
быстарын әлем қауымдастығының тануынан қорытынды
шығарып, 90-шы жылдар келмеске кетті деп заңды түрде
айтуға болады. Дәл осы кезеңде болып өткен дағдарыстан
кейін елдің экономикасының көтерілуі басталды. Мысалы,