Page 286 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
285
қабылданды. Бұл банк секторына шалғай өңірлерде тұратын
тұрғындардың басым бөлігінен олардың жеке салымдарын
тарту мақсатында балама әдістер ұсынуға мүмкіндіктер берді.
Сонымен бірге, мұндай кредиттік серіктестіктер несиелеудің
үш деңгейлі жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. Бұл
жүйеге банк қызметтерін көрсету түрлерімен айналысатын
жеке банктер мен микрокредиттік ұйымдардан құралатын
болды.
Содан кейін, біз Ұлттық банктің ел экономикасындағы
рөлін күшейту мақсатында келесі қадамдарды жасадық.
Бәрінен бұрын, бұл қаржыжүйесі субъектілерінің қызметтерін
реттеуде тәртіп енгізу үшін қажет болды. Ол кезде мұндай
реттеулерді әртүрлі бақылау органдары іске асыратын. Мы-
салы, банктердің қызметін Ұлттық банк, сақтандыру компа-
нияларын –Қаржыминистрлігі, зейнетақы қорларын – Еңбек
министрлігі реттейтін. Нәтижесінде, елдің қаржы жүйесін
реттеу жөнінде, қандай да болмасын жалпы саясатты іске
асыру үшін қаржы нарығының әртүрлі бөліктерін үйлестіру
үрдісі ұзаққа созылып кетті және тиімсіз болды.
Сонымен, 2000 жылы Ұлттық банкте сақтандыру және
банктік бақылау, 2001 жылы бағалы қағаздар нарығын
бақылау, ал 2002 жылы жинақтау зейнетақы қорын басқару
қызметтері шоғырландырылды.
Кейін келе, 2004 жылы, бағалы қағаздар нарығының,
сақтандыру нарығының, зейнетақы жүйесінің қызметін рет-
теу қызметтері Ұлттық банктен дербес орган – Қазақстан
Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу және бақылау жөніндегі Агенттікке берілді, ол елдің
Президентіне тікелей есеп беріп тұратын болды.
Бұл Агенттік еліміздің қаржы нарығындағы тәртіпті
қамтамасыз етуге тиіс болды. Ол зейнетақы қоры жүйесіне,
бағалықағаздар нарығынажәне одан да басқаларға қатысты,
көптеген ережелер мен заңнамалық заңдар жинақтарының