Page 285 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
284
Шынында да, Ұлттық банк пруденциалдық нормативтерді
күшейткеннен кейін, еліміздегі коммерциялық банктердің
саны үш есе қысқарды, өйткені жұмыс деңгейін көтеруге
олардың кейбіреулері ғана дайын болды. Бірақ, екінші
жағынан, банктердің меншікті капиталдарын өсіру жөніндегі
Ұлттық банктің қатаң талаптары және реформаның бары-
сында, жасалған басқа да нормативтер республиканың банк
жүйесіне 1999 жылғы сәуірдегі теңгенің құнсыздану салда-
рын онша ауыртпалықсыз көтеріп кетуге, сөйтіп Ресейдегі
және басқа елдердегідей қаржы дағдарысын болдырмауға
мүмкіндік берді.
Бірақ, сонымен бірге, осындай қадамды іске асы-
ру барысында біз өзіміздің ерекшеліктерімізді де есепке
алғанбыз. Мысалы, бізде қызметтері негізінен ұсақ бизнес
пен ауылшаруашылық өндірісі басым болған аймақтарда
шоғырланған банктер болды. Осылардың басымбөлігі қаржы
тапшылығын көрді. Республиканың көптегеноблыстарындағы
өтімділік тапшылығы, амалсыздан, жергілікті клиенттердің
шектеулі шеңберінде қалып қойған банктердің жұмыс
мүмкіндіктерін шектеді. Республика экономикасының осал
жері – бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан әртүрлі
аймақтарға қаржы ресурстары біркелкі бөлінбей келгені
ешкімге де құпия емес. Осы жылдары адал адамдарды ал-
дай соққан алаяқтардың банк «пирамидалары да» біздерді
орағытып кеткен жоқ.
Ұлттықбанкқойғанжоғарғыталаптыосындай«жергілікті»
банктердің орындай алмайтынын түсініп, біз 1998 жылдан
бастап, барлық жерлерде микрокредиттік ұйымдарды, ал
одан кейін кредиттік серіктестіктерді құра бастадық. Олар-
ды құру, ең бірінші, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы
күреске бағытталды. Ауылдық жерлерде банктік қызмет
көрсетуге жол ашуды қамтамасыз ету мақсатында пошта-
жинақ мекемелерінің саласын кеңейту жөнінде шешім