Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
283
мөлшері, активтердің сапасы, бухгалтерлік есеп, менеджмент
деңгейі, ақпаратты енгізу және жеткізу салалары бойынша
халықаралық стандартқа жетулері тиіс болды. 2001 жылдың
басында осы бағдарламаның жазбаша өкімдерінің орындал-
уын бақылау мақсатында, банк қызметін қадағалаудыжүргізу
үшін, Ұлттық банкке өкілеттілік берілді. Сөйтіп, 2001 жылдың
1 шілдесінен бастап жаңадан құрылған банктерге ең кем
дегенде 2 млрд теңге қатаң деңгейдегі жарғылық капитал
белгіленді. Бұл көрсеткішаймақтық банктер үшін кемінде 500
млн теңгеден, ал басқа қызмет жасап тұрған банктер үшін
1 млрд теңгеден астам болды.
Банктер капиталының өсуі ұсақ банк құрылымдарының
жойылуы, банктердің шоғырлануы және қосылуы сияқты
кінәратты үрдістермен қатар жүрді. Бірақ осы үрдіс елдің
бүкіл қаржы жүйесіне кереметтей пәрменді әсер етті, қаржы
жағынан тұрақты, зор мүмкіндіктер мен әлеуетке ие ірі
банкілер құрылды.
Әдетте, осындай ірі банкілер дамыған нарықтық эко-
номикасы бар елдерде банк жүйесінің «ұйытқысы» болып
табылады, оларда бірнеше ірі коммерциялық банктердің
үлесіне барлық банктердің активтер сомасының басым бөлігі
келеді. Сонымен қатар, банк капиталының шоғырлануы осы
банктердің арасында бәсекені қамтамасыз етті, ол өз ора-
йында банктердің қызмет көрсету сапасының артуына алып
келді. Біздің банк жүйесінің осы ерекшелігін банк секторының
көптеген сарапшылары мен мамандары атап көрсетті.
Осындай түбегейлі өзгерістерді іске асыру барысында біз
«күштілер ғана тірі қалады» дейтін нарықтың әрі қарапайым,
әрі қатаң логикасын басшылыққа алдық. Біздің қаржы жүйе-
міз мемлекеттің өзі құптаған жеке меншік коммерциялық
банктердің пайда болуын, қалыптасу кезеңін басынан
өткізді. Ендігі әңгіме осы банктердің жұмыс деңгейлері мен
көрсетілетін қызметтерінің сапасы туралы болуға тиіс еді.