ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
282
орындалуын талап етті. Барлығы да әртүрлі қажеттіліктеріне
қаржы бөлуін сұрай бастады.
Осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда мен
заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ту-
ралы»Жарлыққа қол қойдым. Ол бойынша Ұлттық банк өзіне
заңнамалық актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде
тәуелсіз қызмет жасайтынжәнеПрезидентке ғана есеп беретін
болды. Содан бері өкілетті және атқару билігінің ешқандай да
органдарының Ұлттық банктің қызметіне араласуға құқығы
жоқ. Бірақ та, әрине, барлық басқа елдердегі сияқты, біздің
Ұлттық банк жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың
мәселелерін Үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс. Сол 1995
жылы біз республиканың банк жүйесін реформалаудың
бірінші бағдарламасынқабылдадық. Бұлбағдарламаныңмәні
банктердегі тұрғындардың өз беттерімен салған жинақтары,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаржылары
және сыртқы заемдары есебінен, экономикаға несие бөлуді
қамтамасыз етуінде болды. Сөйтіп біз, Ұлттық банкті саяси
қысымнан және екінші деңгейдегі банктер әлдеқайда тиімді
орындай алатын қызметтерді атқарудан «азат еттік».
Енді ол орталық банктің тікелей қызметтерін атқаруға
– тәуелсіз ақша-кредит саясатын іске асыруға және қазіргі
талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруға кірісті. Әр-
түрлі уақыттарда Ұлттық банкті Ғ. Байназаров, Д. Сембаев,
О. Жандосов, Г. Марченко, К. Дамитов басқарды. Бұлардың
барлығы да ел үшін күрделі кезеңде қызмет атқарды және
банк жүйесінің дамуына өз үлестерін қосты.
Біздің банк жүйесінің дамуындағы келесі маңызды қадам
– екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп берудің
халықаралық стандартына өтудің бағдарламасы, ол 1996
жылы желтоқсанда қабылданды. Бұл бағдарлама бойын-
ша, Қазақстандағы барлық қызмет жасап тұрған банктер
2000 жылдың соңына дейін өтімді капиталдың жеткілікті