Page 282 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
281
Республикалықмемлекеттік банкҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық банкіне айналдырылды.
Республикалық Өнеркәсіп-құрылыс банкі акционерлік-
коммерциялық «Тұранбанкке», Агроөнеркәсіп банкі – «Қа­
зақстан Республикасының агроөнеркәсіп банкіне» айналды,
акционерлердің ортасынан кейіннен «Қазкоммерцбанк»
атанған «Қазақстан Коммерц» банкі шықты, Сыртқы сауда
банкі – акцио­нерлік-коммерциялық «Әлембанк», Респуб-
ликалық жинақ банкі – акционерлік-коммерциялық «Қазақ-
стан Республикасының Жинақ банкі» болып аталды. 1993
жылы осы банктердің барлығы акционерлік банктерге ай-
налды, ал Жинақ банкінің аты Қазақстан Республикасының
Халық банкі деп өзгертілді. Қазір біздің банк жүйесінің
екінші деңгейінің негізгі құрамы болып отырған бұл банктер
Қазақстандағы аса ірі жеке меншік банктері болып табы-
лады.
Сайып келгенде, 1993жылы теңгені енгізудің қарсаңында
Қазақстанның банк жүйесінде елеулі реформа болды: қос
деңгейлі банк жүйесі қызмет етті, барлықмамандандырылған
банкілер акционерлік банкіге айналды, ал Ұлттық банк
орталық банктің кейбір қызметтерін атқаратын болды. Осы-
ның бәрі белгілі мөлшерде өзіміздің ұлттық валютамызға
өтуді жеңілдетті.
Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күнде-
рінен-ақ Ұлттық банктің ұйымдасқанына қарамастан, ол
бәрібір әлі де еліміздің классикалық түрдегі орталық банкі
бола алмады. Ұлттық банк екінші дәрежедегі атқаратын
қызметтерін жалғастыра берді, сол сияқты, мемлекеттік
органдар жүйесіндегі оның мәртебесі де айқын болмады.
Мысалы, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына
дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет
оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап
отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден