Page 281 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
280
Сөйтіп, 1999 жылға қарай реформаның ықпалды
көмегімен адрестік әлеуметтік көмекке өте отырып, зор
көлемдегі әлеуметтіктұрмыстық жеңілдіктердің пробле-
маларын шешу мүмкін болды. Сол кездегі қолданыстағы
ынтымақтастық зейнет жүйесінен жаңа – жинақтаушы
зейнетақы жүйесіне көшу іске асырылды. Бюджеттік қаты-
настар және оған сәйкес еліміздің салық жүйесі қайта қарас-
тырылып, қайтадан құрылды. Барлық осы қайта құрулардың
нәтижелі болуының кепілі, ең алдымен, ТМД-дағы ең үздік
дегенмәртебеге заңды түрде ие болған біздің күшті де серпінді
банк жүйеміз болды.
Б
анк жүйесінің
дамуы
Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алған-
нан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. Кеңестік
икемсіз банк тетіктерінің барлық «тамашаларын» бастан
кешірген біздер, енді экономиканы толыққанды дамыту
үшін, бүкіл дүние жүзінде нарық жағдайында ең тиімді
деп танылған, осы заманғы қос деңгейлі банк жүйесінің
керектігін түсіндік. Ол біздің тәуелсіз ақша-кредит саясатын
жүргізуімізге, инфляцияның және мемлекет пен қоғамды
қаржымен қамтамасыз ету сұраныстарының проблемаларын
шешуімізге мүмкіндік беретін еді. Бізге капиталдың шынайы
өзіндік құнын пайыздық мөлшерлермен көрсететін, ал
банкілерге қарыз алғандардың қаржылық өміршеңдігі және
несиелеудің экономикалық тиімділігі негізінде несие беретін
жүйе қажет болды.
Шын мәнінде, «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк
қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң
еліміздегі банк реформасының басы болды. Аталмыш Заң
қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз
етті. Мысалы, облыстық басқармаларыжәне бөлімшелері бар