Page 280 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
279
реформаның табыстыболуының себептері туралы сұрақтарға
жауап бергенде, мен кейде белгілі бір анықтаушы факторды
бөліп көрсетуге қиналамын. Кейбіреулер, бұл факторды
адамдардың қайта құруға дайын тұратын, оларды іске асыру
қажеттігін түсінетін және қарсы алатын қоғамдық «аужай»
деп есептейді. Бірақ біз реформаны мүлде қарамақарсы
«аужайдан» бастадық деп айтуымызға болады. Одақтың
ыдырауы, жұрттың сақталған ақшалары мен жиған-терген
қорларының жойылып кетуі, ең бастысы – олардың Идеяға
және ертеңгі күнге деген сенімді жоғалтуы, біздің адамдарды
өздерін ешкімге керексізбіз деп, алданып қалдық деп ойлауға
мәжбүр етті. Ал көпшілігі белгілі дәрежеде осы түңілулерін,
осы сенбеулерін біздермен де байланыстырды. Бірақ рефор-
ма іске асты – айтарлықтай табысты болды.
Кейбір ғалымдар немесе сарапшылар реформалаудың
барысында сол реформаның өзінің әзір болу-болмауын
бірінші қатарға қояды. Бұл сияқты реформаның «инкубация-
лық» кезеңдерінің 4 жылдан 5 жылға дейін созылғандығын
көрсететін көптеген мысалдар бар. Бірақ, тағы айтайық, бізде
мұқият дайындыққа немесе ұзаққа созылған зерттеулерге,
оларды сынап көруге мұрша болған жоқ. Уақыт аймен, ап-
тамен, кейде тіпті әрбір күнмен өлшенді. Жағдай күн сайын
өзгерістерге ұшырап тұрды. Бірақ қалай болғанда да бұл
реформалар табысты өтті.
Мен біздің реформалардың табысты болуында ең үлкен
рөлді адам факторы атқарды деп есептеймін. Нақты қалай
болғанын, бәлкім, мен тап басып айта алмаспын, бірақ
жалпы алғанда, біздің адамдардың менталитетінің кейбір
жақтары, олардың жаңаны қабылдауға немесе сырттан
келген өзгерістерге оңтайлана алатын ерекше қабілеттері,
ал жекелей алғанда – сол кездегі реформаторлар жасағына
кірген адамдардың тұлғалық қасиеттері табысымыздың кепілі
болды.