Page 279 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
278
тиімді пайдаланар, содан соң несиелерімен өздері есептесер
деп үміттендік. Дүкендегі саудадан түскен ақшаны жоғары
инфляция құнсыздандырып отырды, ол алынған несиенің
көлемін жаба алмады. Сонымен қатар, инфляция мен ва-
люта бағамының арасындағы айырмашылық деңгейінде
алаяқтық жасап, мемлекеттің осы шарасын пайда табу үшін
олжаланып қалған бизнесмендер де болды. Бұл олардың
алғашқы капиталдарын қалыптастырудың бір көзі болған.
Бірақ та олардың несиені қайтаруға мүмкіндіктері болмады
да, оларды мемлекеттің төлеуіне тура келді.
Барлық мәселенің түп тамыры – бағаны ырықтанды-
рудан туындаған салдарға біздің тез жылдам қалыптаса
алмағанымызда жатты. Қазақстандық кәсіпорындар, ора-
сан зор құрылымдық проблемалармен бетпе-бет келгенде,
өздерінің нарық ауқымдарынан айрылып қалды. Тұрақты
макроэкономикалық жағдайды құру үшін бірқатар кезек
күттірмейтін шараларды іске асыру қажет болды.
Енді мемлекет орталықтандырылған несиелер беру прак-
тикасын, салық түрлерінжәне т.б. азайтуға тиіс болды. Қаржы
жүйесі ресурстарды бөлудегі мемлекеттің рөлін қысқарту жо-
лымен несиенің нақты бағасын қалпына келтіруді талап етті.
Мемлекеттіңнесие түріндегіжасырындотацияларыарқасында
шығынмен өмір сүріп отырған кәсіпорындарға құрылымдық
өзгерістер жасап, оларды жауапкершіліктері жоғары жеке
кәсіпкерлердің қолына беру керек болды. Сөйтіп, тек 1994
жылы ғана жеңілдіктермен берілетін несиелерді беру прак-
тикасы және кәсіпорындардың несие сұрап елдің жоғарғы
банкіне тікелей шығуы тоқтатылды.
Ол кездерде мен табан астындашешуді талап ететін толып
жатқан проблемаларға үлгермейміз бе деп қауіптенгенмін.
Оның үстіне, солардың барлығы да іс жүзінде еліміздің
шаршаған, көңілдері қалған, алғашқы сылтаумен-ақ бұрқ
етуге дайын тұрған тұрғындарымен байланысты еді. Қазір,