Page 27 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
26
аймағы туралы біздің қаупімізді растады, бірақ ол туралымен
келесі тарауларда айтатын боламын.
1992 жылдың аяғында менің бұл стратегия тек үлкен
жолдың басы ғана деп мәлімдеуіме сенетіндер аз бол-
ды. Дағдарыстың нағыз қызған шағында стратегия әрбір
адамның тең мүмкіндіктерді өз еркімен таңдауына және
өздерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси мүддесін
жүзеге асыру үшін экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайым-
дауына жол ашатын көп укладты нарықтық экономикасы бар
кәдімгі демократиялық қоғамды құруға арналған бағытын
айқындады. Біз заң, халық еркі мен таза ақыл-парасат билік
ететін қоғамдықұруға ұмтылдық. Ол іскерде ақылдыадамдар-
дан тұратын ауқатты және табысты азаматтардың қоғамы еді.
Үкімет алғашқы үш жыл бойына (1992–1994 жылда-
ры), бізге кездескен саясаттағы және басқа да салалардағы
қиын­дықтарға қарамастан, экономиканы ырықтандыруға,
нарықтық қатынастардың заңдық және институттық ба-
засын жасауға, нарықты тұтыну тауарларымен толтыруға
талпынды. Экономиканы ырықтандырудың жүзеге асы-
рылуы еліміздің өндірістік және экономикалық әлеуетін
қысқартуға ықпал еткен көптеген проблемаларды анықтады.
Бұл проблемалар экономиканың техникалық жағынан артта
қалуымен, тауарлардың және қызмет көрсету түрлерінің
бәсекеге қабілетсіздігімен, мемлекеттілік және нарықтық
институттардың, заңдық базалардың, қаржы және кадр
ресурстарының болмауымен байланысты еді.
Сол кезеңде Қазақстан мен оның басшылығы аты-
на көптеген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары та-
рапынан айтылған өте көп сындар, кейде тіпті ақылға
сыймайтын сандырақ пікірлер мен пайымдаулар болды.
Бұл мәлімдеулерде Қазақстанда реформа жүргізудің
орындылығы, шекараны қайта қарау мүмкіндігі және тағы
басқалар туралы мәселелер өткір қойылды.