Page 278 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
277
және бірінші қажеттегі тауарларға нақты бекітілген бағалар
қойылды. Осыған байланысты кәсіпорындар шығынға
ұшырады. Бұл шығындардың орнын жеңілдіктер берілген
көтерме шаралар да, несиелерді қайтару мерзімін өзгерту
саясаты да толтыра алмады.
Сонымен бірге, ол кезде мемлекет тұрғындарды қажетті
тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмады, осы-
дан келіп олардың үлкен тапшылығы туды. Біздің экономи-
камыз тар шеңберде шектеулі болатын, кеңес уақытында
бірінші қажеттіліктің көптеген тауарлары оларды өндіретін
басқа одақтық республикалардан жеткізілетін. Енді бірінші
зәруліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін, Үкімет көрші
өндіруші-елдерден «тауарлық (матасқан) несиелер» алуға
мәжбүр болды. С. Терещенко Үкіметі 100 млн АҚШдоллары
сомасында осындай несиелер алды. Олардың тауарлық деп
аталған себебі – бізге несие беріп отырған елдердің тауар-
ларын сатып алу қажеттілігі үшін берілетін. Қойылған шарт
осылай болғандықтан, алынған несие олардан қант, темекі,
май, шұжық және т.б. сатып алуға жұмсалатын.
Көптеген адамдар, осы жағдайды естігенде: «Неге бұлай
істелді, алынған несиелер неге басқаша жұмсалмады?» деген
орынды сұрақ қоюларымүмкін. Бізгежалпы тапшылыққа бай-
ланысты пайда болған әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету үшін
нарықты тауарларға толтыру қажет болды. Біздің адамдар
азық-түлікті тапшылықтан сатып ала алмайжатқанда, қайдағы
бір реформа туралы айтудың өзі қисынсыз еді. Дүкендердің
сөрелері қаңырап бос қалған. Жаныңды тітіркендіретін көрініс
қой – дүкенге кірсең, тауар жоқ. Мұны тек көзбен көру керек
еді.
Үкімет бұл несиелерді бизнеспен енді ғана айналыса
бастағандарға бөлуді ұйғарды. Өйткені олардың нарықтағы
қызметін қолдау керек болды. Біз бір жағынан, олар бұл
несиелерді тұрғындарға қажет азық-түлікті, дәрі-дәрмек са-
тып алу үшін мемлекеттік органдарға қарағанда әлдеқайда