Page 277 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
276
Ашық нарықтық қатынастарды құру бізден экономика-
ның негіздерін түбегейлі өзгерістерге апаратын қадамдар
жасауды талап етті. Мойындауым керек, бұл оңай емес
еді. Осындай шешімдердің бірі 1993 жылғы нарықтық
қатынастардыырықтандыру болды. Нарыққа бараржолдағы
осы қадамға біз тауар тапшылығымен өсіп отырған гиперин-
фляция жағдайында бардық. Ырықтандыруды іске асырудың
басталуымен бірге әртүрлі қаржы ұйымдарының жылдам
өсуі басталды. Олардың ішінде коммерциялық банктер мен
банк операцияларыныңжеке түрлерін іске асырушы ұйымдар
ерекше орында тұрды. Мәселен, 1993жылдың соңына қарай
Қазақстанда 200-ден астам коммерциялық банктер құрылды.
Бұл жағдайдың пайда болуы, заңнамадағы кемшіліктерге
байланысты еді. Соның салдарынан кез келген кәсіпорын мен
кооперативке өзінің меншікті банкін құрып алуға мүмкіндік
туды. Бұлардың көпшілігі кейіннен қаржыжағынан қауқарсыз
болып шықты. Олар аса жоғарғы инфляция мен валюта
нарығындағытұрақсыздықжағдайында, алыпсатарлықпайда
табу үшін ғана құрылды.
Бұл, өз кезегінде, ырықтандырудың бірінші кезеңінің
инфляцияның өсуімен және төлем қабілеттілігіне деген
сұраныстың қысқаруымен қосарлас жүруіне әкеліп соқты.
Мәселен, 1993 жылдан 1995 жылдың соңына дейінгі
кезеңде жылдық орташа инфляция 1200%-ға тең болды
да, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1995 жылдың өзінде
ғана шамамен 40 млрд теңгені құрады, ал екінші деңгейдегі
банктердің кәсіпорындарға несиесі бойынша жылдық
көрсеткіші 400%-ға жетті.
Ырықтандырудың бастапқы кезеңінде тауарлардың
белгілі бір түрлерінің бағаларына мемлекеттік бақылау әлі де
болса сақталған еді. Мемлекеттік қажеттіктер үшін әкелінетін
тапсырыстар тәжірибесінжәне басқа дашектеулерді мемлекет
кәдімгі жай тіршілік мақсатында пайдаланды. Азық-түлікке