Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
275
алды. Нәтижесінде, экономикалық тұрғыдан негізделмеген
өндірістік тізбектерге ұқсас, өзінше бір «жасанды тыныс ал-
дыру» аппараты сияқты, орталықтан жоспарланатын тетіктің
құлауымен бірге, Одақтық экономикалық жүйенің барлық
қайшылықтары және жасандылығы жалаңаштанып сыртқа
шықты.
Сондықтан, нарыққа өтуге апаратын біздің жолымыздың
ең басында, бізге шаруашылық жүргізудің негіздерін өзгерту
талабы қойылды. Бәрінен де бұрын, ресурстарды бөлу
жөніндегі экономикалық шешімдерді мемлекеттік деңгейде
өндіріспен тікелей айналысатын субъектілерге аудару қажет
болды. Бұл өндіріс орындарының қаржылық дербестігін
қамтамасыз етіп, оларға инвестициялардың нәтижесі мен
тиімділігі үшін жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік беретін еді.
Бұрын,Одақкезіндеқалыптасқантауар-ақшақатынастары,
қажетті шешімдерді қабылдауға мұрсат берілген күнде де,
олардыңбарлығын орталық ведомстволардеңгейіндешешуді
талап ететін. Осы «қолапайсыз» қатынастардыңмәні мынаған
келіп тірелетін. Өндірістік-шаруашылық қызметтің кез келген
субъектісі өзінің қаржы ресурстарын КСРО-ның Мемлекеттік
банкінде немесе оның одақтық республикадағы есепшотында
ұстайтын. Егер осы ресурстарды өзіне қажетті мақсат үшін
мысалы, құрылыс салуға, азық-түлік сатып алуға және т.б.,
пайдаланғысы келсе, кәсіпорын осы мәселені Мемлекеттік
жоспарлау комитетімен келісетін, ол қанағаттанарлық шешім
қабылдаған жағдайда, қажетті қаржыны бөлу үшін осыған
сәйкес тапсырманы Мемлекеттік банкке беретін.
Сайып келгенде, кез келген мемлекеттің банк секторы
мен мемлекеттік қаржысының негізін қалаушы бірнеше
салалардың – салық және бюджет сияқты жүйелерінің
мәселелерін шешуді бір мезгілде талап ет ті. Оларды
сәтімен реформаландыру осыларды бір-бірімен өзара
байланыстырғанда ғана мүмкін болатын.