Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
25
идеяның авторы – белгілі неміс экономисі, ФРГ-нің эконо-
мика министрі, кейінде канцлері болған Людвиг Эрхард.
Оны кереметтей тиімділікке жеткен Германиядағы нарықтық
реформалардың «патриархы» деп атайды. Он жыл бойы
германдық экономикалық өсу жылына 8 пайызға жуық дең-
гейде болды, бұл сол уақыттағы әлемдегі ең жоғарғы деңгей
еді. Атап айтқанда, Эрхард реформаларының осындай
нәтижесі арқасында «германдық экономикалық керемет» де-
ген ұғым айналымға енді. «Жақсы тұрмыс – баршамыз үшін»
деген принципті ұстана отырып, біздің мемлекет кәсіпкерлік
еркіндік пен қызметтің кез келген қалаулы саласына күш
жұмсау мүмкіндігін ниет еткен әрбіреуді қамтамасыз ету
арқылы баршаға қолайлы жағдай туғызатынын мәлімдеді.
Мұндай жағдайда неғұрлым қабілетті, еңбекқор және іскер
адамдар қоғамда соғұрлым жоғары әлеуметтік мәртебеге
жететін болады. Сонымен бір мезгілде біз экономиканың
өсуі мен тұрақтануына, оның әлемдік қауымдастыққа ин-
теграциялануына қарай еңбек кірістерін, зейнетақылар
мен жәрдемақыларды көтеруге уәде бердік. Тарихтың өзі
көрсеткендей, біз берген уәдемізді орындап шықтық.
Стратегияда сондай-ақ біз ұлттық валютаны енгізу тура-
лы ниетімізді жария еттік. Сонымен қатар бұл мәселені тек
экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақтандыруға жет-
кеннен кейін қарастыратын боламыз деп ескерту жасадық.
Кеңестік рубль өтпелі кезеңнің жалпы валютасы ретінде
қарастырылды, өйткені біз ол кезде жаңа валютаға көшуге
әлі дайын емес едік. Бұған қоса тауар айырбасы кезіндегі
есеп айырысулардың барлығы рубльмен жүргізілді. Және де
ресейлік басшылық белгілі бір уақытқа дейін рубль кеңістігін
сақтауға уәде еткен. Алайда Ресей үкіметі басшылығында
бізге: «рубль аймағында біржола қаласыңдар, әйтпесе
сендердің экономикаларыңды құлатамыз» деуші адамдар
пайда болды. Содан кейінгі он сегіз айдағы оқиғалар рубль