м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
267
және өз өмірін өздері құрды. Бұл өзгерістердің барлығы, ең
алдымен, қазақстандықтардың өздері үшін қажет болды,
ол өздерінің пайдасына жарады. Экономиканың түбегейлі
реформалары жаңалық атаулыдан шошынған біздің
азаматтардың түсінбестігімен немесе тікелей қарсылық
білдіруімен қатарласа жүрді. 1990-шы жылдары өздерінің
тарихи отанына кетіп қалғандардың Қазақстанға қайта ора-
ла бастауы қуанарлық жай болды. Мен, шын мәнінде, соған
қуаныштымын.
Бүгінде біз экономикамыздың негізгі құрылымдық ре-
формалары аяқталды деп сеніммен айта аламыз. Мемле-
кеттік мүлікті жекешелендіру жүзеге асырылып, дамыған
нарықтың стандарттарына сайшаруашылық орта қалыптасты.
Жекешелендіру үрдісі – бұл әрқашанда мүлік бөлінісі.
Социалистік тарихыбар кез келгенмемлекет жекешелендіруді
жүргізіп, мемлекеттік мүлікті әділ және тиімді бөлудің про-
блемаларымен ұшырасты. Әрине, біздің республикамызда
да жекешелендіру кезінде істің бәрі дау-шарсыз өткен жоқ.
Өйткені, ол кезде жұрт «жеке меншік» деген ұғымның өзінен
қорықты. Алайда жекешелендірудің әрбір кезеңін жүргізген
уақытта біз, бірінші кезекте, халық пен мемлекеттің мүддесін
көздедік.
Әрине, экономиканы реформалау үрдісі қате әрекет-
терден, ойланбағаншешімдермен әлеуметтік қиындықтардан
ада болған жоқ. Бірақ та біздің жағдайымыздың «қатты
қызған» кезінде жекешелендіру «әділетті» немесе «әділетсіз»
бола алмады. Оған тек тиімді немесе тиімсіз деген баға
беруге болатын еді. Өздеріңіз ой түйіп көріңіздер. Бүгінде
қоғамдық тамақтандыру мен сауда, жеңіл, тағамдық,
өңдеуші өнеркәсіп, түрлі қызмет көрсетулер, агроөнеркәсіп
өндірісі және т.б. секілді маңызды салалар экономиканың
мемлекеттік секторынан толықтай шығарылды. Энергети-
ка және шикізат салаларының үлкен бөлігі де жеке меншік