Page 269 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
268
секторға шығарылды. Денсаулық сақтау мен білім, әсіресе
жоғары білім беру салаларында бәсекелестік орта жылдам
дамуда.
Әрине, жекешелендіру туралы сөз болғанда, әлі күнге
дейін әділетсіз жекешелендіруге жол берілді деп санайтын,
меншікті қайта бөлуді қалайтын адамдар барын айту керек.
Әлемде алғашқы жекешелендіру ешқашан әділ болған емес.
Ешқандай қайта қараушылық болмауы керек және бол-
майды да. Біздің еліміздің заңы осындай. Ол – ол ма, даму
заңдылықтары осындай. Біз меншікті жұрттың барлығын
сөзсіз қанағаттандыратындай етіп ешқашан бөле алмаймыз.
Сөзіміз ащылау естілсе кешіріңіздер, бірақ біз мінсіз әділ
қоғамды құруға тырысқанбыз. Мұның өзі біз үшін және біздің
көршілеріміз – бұрынғы одақтас республикалар үшін қалай
аяқталғанын бәріміз де білесіздер. Тарихтың бұл беті жабық
тұр. Біз алға қарауымыз керек. Жасалған істі жетілдіріп, адам
өмірін одан әрі жақсарту керек.
Бүгінде біздің азаматтардың: мемлекет ісін басқару-
шылардың, бизнесмендердің, фермерлердің экономикалық
мәселелерде «ілгері кеткендігі» туралыжиі айтылады. Кезекті
бір республиканың Тәуелсіздік күніне арналған сансыз көп
сұхбаттар тұсында маған: «Кімдерден жақсы басқарушылар
шығады – бұрынғы өндірісте істеушілерден бе немесе білікті
менеджерлерден бе?» деген сұрақ қойылды. Менде бұл
мәселеде үзілді-кесілді пайымдау жоқ. Әрбір жағдай өзінше
ерекше. Дегенмен, соңғы 20 жылда кадр саясатын жүргізген
тәжірибеме қарап, айта аламын: қазіргі жас адамдардың
көбіне тән тамаша білімділік те, жоғары біліктілік пен таза
ұмтылыс та бизнесте болсын немесе мемлекеттік қызметте
болсын, табысты басшы болу үшін жеткіліксіз.
Сіздер көрдіңіздер, мен кезінде өте көптеген жас биз-
несмендер мен мамандарға көп мүмкіндіктер туғыздым.
Отыздағыжас адамдар Үкімет мүшелері, министрлер болды,