ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
266
Өздеріңізге белгілі, қоғамның нақ осы бөлігі табысқа
жетуге ұмтылып, сатып алушылық зор қабілетке ие болуда
және мемлекеттік қазынаға кірістердің айтарлықтай бөлігін
түсіруде. Нақ осы таптың нені жоғалтары да, неге ұмтылары
да және мұрагерлікке не қалдыратыны да баршылық. «Орта
тапқа» тән менталитеттің мақсаты, ең алдымен, өз өмірі үшін
жауапкершілік сезімі, дербестікті терең сезінуі, өз өркендеуі-
нің кепілі ретінде білім мен біліктіліктің құндылықтарын
түсінуі болып табылады. Орта тап – ол мультимиллиардер
де, қайыршы да емес, олар өзін-өзі қамтамасыз ететіндер.
Қысқасы, мұнда «Мен» «Біз»-ден гөрі үстем тұрады. Бұл өз
өмірінің, өз тағдырының қожайыныболғысы келген адамның
ұмтылысы: онысы, әрине, іс-қызметінен, соған сәйкес,
әкелетін кірісінен көрініс табады.
Қазақстанда орта таптың пайда болуының маңызды бо-
латын себебі – ең алдымен, оның қоғамда нақты орын алуы
қоғамның өз ішіндегі, сондай-ақ оның топтары арасындағы
және қоғам мен биліктің арасындағы өзара қатынастардың
сипатын сапалық жағынан өзгертуге қабілетті. Орта тап
тұрақтылыққа бағытталғанжәне оныңөзі кез келген қоғамның
ішіндегі тұрақтандырудың бастауы болып табылады. Бұл –
«азаматтардың ұлты» қоғамның саяси өміріне қатысу, елдегі
саясишешімдердің қабылдануынаықпал ете алатынмаңызды
тетік екенін түсінетін, өзін-өзі басқаратын көпшілік.
Міне, сондықтан мен өз басым бұл мәселеге аса зор
көңіл бөлемін және оны өз сөздерімде ғана емес, басқадай
жолдармен де үнемі көтеріп жүремін. Жекешелендіру үрдісі
қазақстандық орта таптың пайда болуы үшін негіз қалап,
адамдардың өзінікі деген пәтерлер алуына, бизнестерін
бастауға, нәтижесінде, қожайын, меншік иесі атануға
жағдай туғызды. Адамдар жұмыс істеуге, табыс табуға
мүмкіндік алды. Ешкім де жоғарыдан нұсқауларды немесе
жан сақтайтын шешімдерді күткен жоқ. Адамдар өз бизнесін