Page 266 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
265
нақты да дәйекті жүргізілуіне, ықпал етті, еліміздің ішкі саяси
тұрақтылығына кепілдік берді. Сол кезеңде парламенттік
басқару түрі мен төмен саяси мәдениет жағдайында
Қазақстан үздіксіз экономикалық және саяси реформалар
дағдарысына душар болатыны түсінікті еді. Өз тәуелсіздігін
аса қатаң экономикалық дағдарыс жағдайында құрыпжатқан
жас мемлекетті бұл бейберекеттік пен тоқыраушылыққа апа-
рып соқтырмай қоймайтын еді.
Солай бола тұра, мемлекеттік қамқоршылдықтан эко­
номикалық еркіндік пен кәсіпкерлікке жеделдете көшу тек
халыққа ғана емес, мемлекеттік аппараттың үлкен бөлігі үшін
де өте жайлы шаралар бола қоймағанын жасырмаймын.
Бұл міндет көбінесе ықпал етумен, тұрғындар үшін жанға
батарлық тәсілдерменшешілді. Кейде сондай және басқадай
қадамдардың қажеттігін сезіне отырып, адамдардыкөндіруге,
белгілі дәрежеде оларға қысым жасауға да тура келді. Кейде
өмірдегі жүргізілген өзгерістер үшінжеке өзіме жауапкершілік
алуға да тура келді. Осының барлығы да «бәрі ретіне келер»,
реформалар толықтай түсіністік жағдайында жүргізілер
деп күтуге уақыттың жоқтығынан еді. Ондай жағдайда біз
ештеңені де – не мемлекетті, не экономиканы реформалай
алмайтын едік.
Оның есесіне қазір нәтиже көз алдымызда – ендігі
жерде істің бәрін, негізінен, азаматтың өзі шешеді. Бүгінде
экономиканыңжеке меншік секторы тұтастай алғанда респуб-
ликаның өндірістік әлеуетінің90%-ынан астамына билік етеді.
Шағын және орта бизнестің өкілдері қалыптасты, бейімделді
және олардың қатары кең қанат жайып жалғасуда. Атап
айтқанда, бұл адамдар қазір, көптеген бағалаулар бойынша,
нағыз орта таптың негізін құрайды, жалпы олардың пайда
болуына біз барлық күш-жігерді салудамыз. Қазақстан үшін
бұл неліктен соншалықты маңызды?