Page 265 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
264
ықпалдың салқынынан ада, нақты бекітілген ойын ережесін,
баламалы нормативті-құқық базасын талап етеді.
Ж
екешелендіру
тарих
таразысында
Қазақстан қиындықпен, жан күйзелісі мен сілкіністері
арқылы ескі өмірдің ескі құндылықтарын қирата отырып,
мемлекеттік меншіктен жекеге, әкімшілік-әміршілік экономи-
касынан байсалды да ұтымды жоспарлау мен менеджмент-
ке, нарыққа көшті. Мұның бәрі тек ғылыми мақалалар мен
кітаптарда ғана түсінікті әрі оп-оңай бола қалатын секілді. Ал
өмірде – бұл буырқанған теңіз толқу мен торығу сезімдерінің,
әртүрлі топтар мен тіпті ұрпақтар мүддесінің шарпысуы.
Өкінішке қарай, ауыспақ заманның өмір философиясы
осындай. Мұның бәрін біз өз жүрегіміздің тебіренісі арқылы
өткіздік.
Біздің жас буынның көпшілігі бүгінгі табыстардың қандай
алып күш-жігермен, қандай ауыр күйзелістермен келгенін
біле бермейді. Олармұның бәрі біздің іші-тысымызда болған,
біздің ерік-жігеріміз бен төзіміміздің арқасында жүзеге
асқан сол бір орасан өзгерістердің нәтижесі екенін білуі және
есте ұстауы керек.
Қазір Қазақстан дағдарыстан шығудың жарқын мы-
салы болып табылады. Сарапшылардың пайымдауынша,
экономикалық реформалардағы Қазақстанның көшбас-
шылығы ТМД елдері арасында өтпелі кезеңнің саяси-
экономикалық үлгісін айрықша сәтті таңдап алуында деп
санайды, олар – күшті президенттік билік және оған қосымша
шапшаң да жігерлі реформалар. Бірден айту керек, реформа-
ларды жоғарыдан жүргізуге тура келді. Бұл тік сатылы күшті
биліксіз табысқа жете алмайтын уақыт еді.
Дәл осы формула тәуелсіз мемлекетімізді құру мен
нығайтуға, экономика мен саяси өмірдегі реформалардың