Page 264 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
263
Жекешелендірудің төртінші кезеңі барысында мемле-
кеттік мүлікті пайдаланудан бюджетке түсетін қаржыны
айтарлықтай ұлғайту жөнінде Үкімет жүргізетін жұмыстар
жандандырылды. 2002 жылға дейін мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден алынған қаржылармемлекеттік бюджеттің
кірісіне бағытталса, ал 2002 жылдан бастап олар бюджеттік
тапшылықтықаржыландыруғажіберілді. 2003жылданбастап
ірі нысандардыжекешелендіруден алынған қаржылар Ұлттық
қорға аударылуда.
Бұл кезеңде республикалық мемлекеттік және комму-
налдық мемлекеттік кәсіпорындар санын оңтайландыру
жөніндегі жұмыстар басталды, олар қазір де жалғасуда.
Оларды тек осындай құқықтық форманы ұйымдастырмаса
болмайтынына көз жеткен жерде ғана сақтауға болады.
Бұдан бұрынғы жұмыс тәжірибесі мемлекеттік мүлікті
басқарудыңжаңа тұжырымдамасынжасауғажағдай туғызды.
Оның негізгі міндеттері мемлекет меншігіндегі барлық
нысандардың түгелдей есебін алудыжүргізу, басқару нысан-
дарының санын оңтайландыру, мемлекеттік мүлікті тиімді
пайдалану есебінен республикалықжәне жергілікті бюджетке
қосымша кірістер түсіру болып табылады.
2003жылдың4қарашасында «Стратегиялықмаңызыбар
экономикасалаларындағыменшіктіңмемлекеттікмониторингі
туралы» Заң қабылданды. Аталмыш Заң экономиканың
стратегиялық салаларында жекешелендірілген нысандарға
тиімді басқару мониторингі жүйесінің енгізілуін, оның одан әрі
дамуыменжетілдірілуін, сондай-ақжекешелендіруден кейінгі
бақылауға алынуын қамтамасыз етуге жағдай туғызды.
Сонымен, біздің жекешелендіру өзіміз күтпеген нәти-
желерге алып келді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономика-
сындажеке меншік секторықалыптасты, онда республиканың
өнеркәсіп өнімдерінің тоқсан пайызға жуық көлемі өндірі-
леді. Жеке меншік секторының одан әрі дамуы кеңестік