ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
262
меншігі. Ұлттық компаниялар қызметінен бәрі де пайда көруі
керек. «Самұрық» дәл осы үшін құрылды, ол барлығымыздың
сенімімізді ақтайды деген үміттемін.
Төртінші кезеңнің өзіне тән ерекшелігі мемлекеттік мен-
шікті басқару және оған билік ету мәселелері бойынша
мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді
бөлісудегі жаңа қатынастар болып табылады. Айталық,
бұл бағдарламаның түйінді мәселесі республикалық және
коммуналдық меншік арасындағы өкілеттіктерді қайта
бөлісу болды. Мысалы, 1999 жылы коммуналдық меншікке
953 акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердегі акциялардың мемлекеттік пакеттері және
оларға қатысу үлестері берілді. Коммуналдық меншік ны-
сандарын жекешелендіруді шешу және жүргізу құқығы
облыстардың, Алматыжәне Астана қалаларының әкімдеріне
берілді.
Бұдан басқа, Бағдарламада мемлекеттік активтерді
тиімді басқарудың тәсілі айқындалды. Сонымен, мемлекеттің
«көгілдір фишкалар» түріндегі үлестік қатысы бар 10 жетекші
кәсіпорын анықталды. Олардың қатарында «Маңғыс-
таумұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазцинк», «Өскемен
титан-магний комбинаты», «Соколов-Сарыбай кен-байыту
өндірістік бірлестігі», «Қазақстан алюминийі», «Қазхром»
трансұлттық компаниясы», «Қазақстан Халық жинақ банкі»,
«Қазақтелеком», «Қазақмыс» секілді акционерлік қоғамдары
болды. 1999 жылы «Қазақстан Халық жинақ банкі», ал
2000 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамдар
акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігіне (16,7%)
жекешелендіру жүргізілді.
Қазіргі уақытта«Маңғыстаумұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз»,
«Қазақстан алюминийі», «Қазақмыс», «Қазақстан Халық
жинақ банкі», «Өскемен титан-магний комбинаты» акцио-
нерлік қоғамдары және басқалардың мемлекеттік пакеттері
толықтай сатылды.