Page 262 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
261
кен өндіруші өнеркәсіптің бөлігі секілді салалардымемлекеттік
меншік те қалдырдық. Шын мәнінде, экономиканың осы-
нау өмірлік маңызды салалары жеке тұлғалар арқылы
реттелмегені олардың пайдаға ұмтылмай, сапаның жоғары,
бағаның төмен болуына баса назар аударуы үшін қажет. Ал
бізде қалай болды?
Біздің компаниялар ұлттық мәртебе алып, демек, белгілі
бір басымдықтарға ие болып, өздерінің бастапқықызметтерін
«ұмытты» да, баяғы сол пайда үшін жұмыс істей бастады.
Әрине, пайданың болғаны жаман емес. Бірақ, іс жүзінде
сапаның жақсаруы да, тұрғындарға қызмет көрсетудің
қолайлылығы да болмады. Ұлттық компания мәртебесі, шын
мәнісінде, оның өзіндік қызмет саласында «заңдастырылған»
монополиске айналатынын білдіреді. Осының есесіне компа-
ния мемлекеттік болғандықтан, демек, қоғамның мүддесіне
қызмет ететін болғандықтан, ол өз кірістерін инвестиция-
лай отырып, жоғары сапа мен бағаның қолайлы деңгейін
қамтамасыз етуі керек. «Жеке меншік иелері» мұндайға әсте
де бармас еді.
Ал бұған «Қазақтелеком» мысал бола алады. Бүкіл еліміз
бойынша тораптардың технологиялық бірлігін қамтамасыз
ететін бір ғана оператор болса, бәріміз үшін әлдеқайда
қолайлы екеніне келісетін шығарсыздар. Ал осы бірегейлік
– пайда табудың, тіпті жоспардан тыс пайда табудың кепілі.
Алайда, компания тапқанпайдасынұсынылғанқызмет көрсету
ассортиментін дамытуға немесе тарифтер мен шығындарды
азайтуға жұмсаудың орнына, өзінің бастықтарына аспандата
еңбекақы тағайындады және тағы сондайларды істеді. Ал
бізде кейбір жергілікті аудандарда әлі күнге дейін Интернет
пен телефон байланыстары жоқ! Міне, ұлттық компаниялар
осындай жайларға баса назар аударуы керек. Анықтап қарап
айтайын, ұлттық – дегеннің мәнісі ұлтқа тиесілі деген сөз ғой.
Бұл ақшалар–мемлекеттің, әрілеп айтқанда –бүкіл қоғамның