Page 261 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
260
қалған кездері де болды. Мен біздің холдингтер мен ірі
компаниялардың қарсылық әрекеттерін, яғни өз қазанында
өздері қайнап, тек өз ойлағандарын ғана істегісі келгенін
түсіндім. Менің елімізде акциялардың мемлекеттік пакетін
басқару бойынша мемлекеттік холдингті құру жөніндегі
жұмыс тым баяу жүріп жатқанын Үкіметке бірнеше рет
ескертуіме тура келді. Нәтижесінде, холдингті құру үрдісі бір
жарым жылға созылды.
Ақырында, 2006 жылдың 28 қаңтарында «Самұрық»
Ұлттық холдингтік компаниясы» акционерлік қоғамын құру
туралы» Жарлыққа қол қойдым. Мен холдинг басшылығы
алдына мынадай өзекті стратегиялық міндеттер қойдым:
корпоративтік басқаруды жақсарту арқылы ұлттық компа-
ниялар қызметінің тиімділігі арттырылсын, демек, ұлттық
компаниялар қызметінің тиімділігі мен басқару деңгейін арт-
тыру есебінен ел экономикасының өсуі жеделдетілсін. Жеке
меншік сектордың компанияларына үлгі бере отырып, бізге
корпоративтік басқару сапасын жақсарту қажет, мұның өзі
тұтастай алғанда қаржы жүйесінің ашықтығына жеткізеді.
Қазір адамдардың көбінде: «жалпы осы холдингтің керегі
не еді?» дегенге саятын көптеген сұрақтар туындайды. Мен
сондай-ақ: «ұлттық компанияларды тәртіпке келтіруден»
бастап, екінші Ұлттық қорды немесе тағы сондай бірдеңені
құруға дейінгі әртүрлі әңгімелерді естідім.
Ал іс жүзінде бас қатыратындай ештеңе де жоқ еді. Ойлап
қараңыздаршы, жекешелендіру үрдісіне қарамастан ұлттық
компаниялар мемлекеттің қарауында болады. Бұл өздігінен
алғанда нарықтық ұстанымдарға қайшы келмейді, өйткені
жол болмаушылық немесе сәтсіздікке ұшыраушылық деген
әрдайым бола береді, – міне, сондай кезде мемлекеттің
қатысы тіпті қажет. Ол – қоғамдық игіліктер өндірілетін са-
лалар. Дәл осы себептен бір кезде біз телекоммуникация,
энергиямен қамтамасыз ету және темір жол көлігі, сондай-ақ